Топтар атауы
Ұзақ мерзімді жоспар
Бөлім: 7.1B — Желілер және қауіпсіздік (7-сынып). Сабақ тақырыбы: Вирусқа қарсы қауіпсіздік.
Оқу мақсаты
7.4.1.2 — компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау.
Сабақ мақсаттары
Барлығы: компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау тәсілдерін біледі, антивирустық бағдарламаны баптай алады.
Көпшілігі: антивирустық бағдарламалардың түрлерін атап, сипаттама береді; олардың таралу жолдарын түсіндіреді; антивирус құралдарымен жүргізілген тексеріс есебінің нәтижелерін талдай алады.
Кейбіреулері: заманауи танымал вирустарды атап, жұқтыру белгілерін келтіреді; әртүрлі антивирустық бағдарламалардың тиімділігін салыстыра алады.
Бағалау критерийлері
- Вирустар мен басқа да қауіп-қатер түрлерін біледі.
- Вирусқа қарсы қауіпсіздік бағдарламаларын орната алады.
- Вирусқа қарсы қауіпсіздік пен адамның аурулары арасындағы айырмашылықтарды салыстырады.
Тілдік мақсаттар
Негізгі терминдер:
Құндылықтарға баулу
- Өзара түсіністік және өзара сыйластық.
- «Мәңгілік ел» идеясының 7 құндылығы аясында ұлттық қауіпсіздікті түсіну.
- Еліміздің бүкіләлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуын пайымдау.
Пәнаралық байланыстар
Биология: вирустардың адам ағзасына зияны туралы біліммен салыстыру.
Орыс тілі және ағылшын тілі: терминологиялық сөздік қорды кеңейту (үш тілдік қолданыс).
Қазақ тілі: тақырыпқа байланысты эссе жазу.
Алдын ала білім
Оқушылар вирус ұғымын түсінеді және компьютердің қауіпсіздік ережелерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Шаттық шеңбері: оқушыларды ынтымақтастыққа шақыру. Тілек жазылған кәмпиттер таратылады, кәмпит түсіне қарай топқа бөлінеді.
Топ атаулары: Avast, NOD32, Kaspersky. Әр топта топ басшысы, баяндамашы, хатшы, таймспикер тағайындалады. Топ ережелері еске түсіріледі.
«Сиқырлы конверт» әдісі: әр топқа тапсырмасы бар конверт беріледі. Топ мүшелері тапсырмаларды орындап, конвертті келесі топпен алмастырады. Барлық топ жауап бергенше алмасу жалғасады.
- Компьютерлік желіге мысал келтіріңдер.
- Компьютерлік желінің жіктелуіне мысал келтіріңдер.
- Компьютерлік желіге анықтама беріңдер.
Жасырын сөз: оқушылар интерактивті тақтадағы ребусты топпен шешеді. Жауабы — «Компьютерлік вирустар». Осылайша сабақтың тақырыбы анықталады.
Қазіргі кезде «Компьютеріме вирус түсті», «Компьютерім вирустан істен шықты» деген сөздерді жиі естиміз. Бұл нені білдіреді? Вирус компьютерге қайдан жұғады? Вирус жұқса, не істейміз?
Проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу.
Сабақтың ортасы
Сабақ мақсатын анықтау (Мюнстенберг әдісі): оқушылар қажетті сөздерді тауып, сабақтың мақсатын өздері құрастырады.
Терминдермен жұмыс: оқушылар таратпа мәтінді оқып, негізгі терминдерді белгілейді. Терминдерді талқылап, олардың мағыналарын кестеге жазады. Кейін әр топ өз терминдерін басқа топтарға түсіндіреді, ал тыңдаушы топтар ақпаратты кестеге толықтырады.
Нәтижесінде барлық оқушы жаңа тақырыпқа қатысты ұғымдар бойынша толық ақпарат жинақтайды.
Презентация: түсініксіз тұстар нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Тәжірибелік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
A деңгей
Вирустан қорғау бағдарламасын іске қосып, дерекқорды (базаны) жаңарту.
B деңгей
Бағдарламаның қосымша беттеріндегі терезелермен танысып, «Менің құжаттарым» бумасын вирусқа тексеру.
C деңгей
Сканерлеуді іске қосып, құжаттарды тексеруді аяқтағаннан кейін нәтижесіне талдау жасау және қорытынды шығару.
Мектеп және мұғалім туралы ақпарат
- Мектеп
- М. Сералин атындағы орта мектеп
- Мұғалім
- Базылбекова Салтанат Маралбековна
Материал: «Вирусқа қарсы қауіпсіздік» (жүктеуге арналған).