Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, кейіпкерге талдау үлгілерін үйрену
Сабақтың тақырыбы
«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі (презентациямен).
Сабақтың түрі
Түрлендірілген сабақ.
Көрнекі құралдар
- Тазша баланың суреті
- Сахнаның безендірілуі
- Кубизм әдісіне арналған тапсырмалар кестесі
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдау арқылы кейіпкерге талдау жасаудың үлгілерін меңгерту.
2) Дамытушылық
Салыстыру жұмыстарын орындату, көркем бейнелі тіркестерді тапқызу арқылы ізденімпаздыққа баулу; Тазша бейнесін сомдау арқылы әртістік қабілетті дамыту; ойды жүйелі әрі дәл жеткізу дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Кейіпкер бойындағы байқампаздық, тапқырлық, батылдық және шешендік қасиеттерді үлгі ете отырып тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын тексеру
- 1 Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қою.
- 2 Сахналық көрініс: «Ханның бұйрығы» және «Тазшаның әңгімесі».
І. Қызығушылықты ояту
Мұғалім оқушыларға: «Ертегілер әлеміндегі Тазша баладан хат келіпті» — деп, хат мәтінін оқиды.
Хат: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты достарым! «Қырық өтірік» ертегісін оқып, менің тапқырлығыма да, шешендігіме де тәнті болған шығарсыңдар. Тұрмыстық және шаруашылық заттарды, жан-жануар мен жәндіктерді — жалпы табиғат әлемін — қисынға келтіріп, әңгіме де, өлең де құрастырдым. Бұл — көп білудің, білімді болудың белгісі. Сондықтан алға қойған мақсатыңа жету үшін білім керек. Менің басқа да қырларым көп. Сендерді ертегілер әлеміне тереңірек үңіліп, үлгі алуға шақырамын!
Осыдан кейін сынып: «Ендеше, Тазша бейнесін жан-жақты талдайық» деген қорытындыға келеді.
ІІ. Мағынаны тану: «Кубизм» әдісі
І. Мінездеу
Тазша балаға мінездеме жасау.
ІІ. Салыстыру
Тазша бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру.
ІІІ. Зерделеу
Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді және көркем бейнелі ойларды теріп жазу.
IV. Бейнелеу
Ертегіден ұнаған тұстың иллюстрациясын салу.
Мінездеу: қасиет пен көрініс
| Мінез-құлқы | Қай оқиға тұсында байқалады |
|---|---|
| Батыл, өжет | Ханның алдына өзі келуі |
| Тапқыр | Өтірік әңгіме мен өлең құрастыруы |
| Шапшаң | Оқиғаға тез жауап беріп, шешім табуы |
| Шешен | Сөз саптауы, ойды ұтымды жеткізуі |
| Білімді, ақылды | Қисынды уәж айтып, дәлелмен сөйлеуі |
Салыстыру: Венн диаграммасы (мазмұндық үлгі)
Тазша бала (ерекшелігі)
- Өзі «қырық өтірік» әңгіме мен өлең құрастырды.
- Хан алдына өзі барды.
- Қиялы ұшқыр.
Аяз би (ерекшелігі)
- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.
- Хан алдына уәзірлері алып келді.
- Сыншыл, батыл, шешен.
Ұқсастығы
Зерделеу: үлгі тіркестер
- «Үмітсіз — шайтан»
- «Ер еңбегіне бір тойсын»
- «Біте қайнаған замандас»
ІІІ. Толғаныс: «Автор орындығы»
Мұғалім түсіндіреді: ортадағы орындық «Автор орындығы» деп аталады. Оқушы Тазша бала бейнесіне еніп, сыныптастар қойған сұрақтарға Тазша болып жауап береді.
Тапсырма: «Кім Тазша болғысы келеді?» — бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, сұрақ-жауап жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Өтірік өлең құрастырып келу.