Басыңқы сыңарыбіз
Презентация сабағы: Қазақ тілі (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Сөз тіркесі
Сабақтың көрнекілігі
Оқулық, ойын құралдары, деңгейлік тапсырмалар, үлестірме қағаздар, ереже және басқа да қосымша материалдар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы бұрынғы білімге сүйене отырып, сөз тіркесімен таныстыру.
- Сөз тіркесінің түрлері туралы бастапқы түсінік беру.
- Сөз тіркесін құрастыру және сол тіркестер арқылы сөйлем құрауға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Білімді тәжірибеде қолдану арқылы ой-өрісті дамыту.
- Өз ойын жүйелі әрі толық жеткізуге баулу, сөздік қорын молайту.
- Шығармашылық қабілетін шыңдау, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Есте сақтау, зерделеу және талдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Сауатты жазуға, мәдениетті әрі дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
- Жылдамдыққа, ұқыптылыққа және таза жазуға баулу.
- Отанды сүюге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ереже: сөз тіркесі
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесінің байланысу түрлері
- 1) Қиысу
- біз оқушымыз, мен сөйлеймін
- 2) Меңгеру
- мектепке келу, үлкенді сыйлау
- 3) Матасу
- менің орным, көлдің балығы
- 4) Қабысу
- ағаш қасық, көк шөп, төрт тоқсан
- 5) Жанасу
- тез оқу, таңданғандай қарау
Сөз тіркесінің құрамы
Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады: бағынышты сыңар және басыңқы сыңар.
| Бағынышты сыңар | Басыңқы сыңар |
|---|---|
| біз | оқушымыз |
| мектепке | келу |
| менің | орным |
| ағаш | қасық |
| жиырма екі | оқушы |
| тез | оқу |
Сөз тіркесінің құрылымдық түрлері
1) Есімді тіркес
Басыңқы сыңары зат есім, сан есім, есімдік, сын есім сияқты есім сөздерден болады.
Болашаққа (неге?) аманат
Алтын (қандай?) сағат
Ағасы (кімі?) осы
2) Етістікті тіркес
Басыңқы сыңары етістіктен болады.
Асықпай сөйледі
Ерте келді
Тез жүрді
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, тынығып аламыз: иықты айналдыру, қолды созу, терең тыныс алу, көзге арналған жеңіл жаттығулар.
Мақсаты: зейінді сергіту, сабаққа қайта шоғырлану.
Деңгейлік тапсырмалар
1-тапсырма
Сөз тіркестерінің астын сыз:
жаман жақсы, жаман нашар, жаман ой
2-тапсырма
Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыр:
айран, өмір, сабақ, тұщы, ұзақ, қызық
Нұсқау: кемінде 3 тіркес құрастырып жаз.
3-тапсырма
Бірінші сыңары сан есім, екінші сыңары зат есім болатын сөз тіркестерін құрап жаз.
Мысал үлгісі: «жиырма екі оқушы».