Бес жолды өлең стратегиясы

Сабақ туралы

Пән

Ана тілі (2-сынып)

Тақырып

Адамның досы

Сабақтың мақсаты

  • 1) Мәтін мазмұнын ашу және негізгі ойды ұғындыру

    Оқушыларды білімділікке баули отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

  • 2) Ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамыту

    Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын және ауызша сөйлеуін дамыту. Шапшаң, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Кітапты ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Түртіп алу (INSERT)
  • «Бес жолды өлең»
  • Топтық, жұптық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Таза, ұқыпты ұсталған оқулықтар көрмесі
  • Ертегі кітаптар жиынтығы

Қанатты сөздер

«Кітапты сүйіңдер, ол өмірді нұрландырады».

— М. А. Горький

«Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы».

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

2) Өткенді еске түсіру

«Ақылды көмекші» тәсілі арқылы оқушылардан алдыңғы тақырып бойынша түсінгендерін сұрау.

3) Жаңа сабақ: ой қозғау

Жұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу:

Көп әңгіме, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де жақсы көремін.

Жауабы: Кітап

Талқылау сұрақтары

  • Кітаптың қалай шығатыны туралы не білесіңдер?
  • Осы тақырыпты көршіңмен пікірлесіп, талқыла.

Негізгі ой

Кітап — адамның досы. Ол бізге көп нәрсені үйретеді, ал кітапты жасау — үлкен еңбек.

4) Мағынаны тану: INSERT («Түртіп алу») стратегиясы

Мұғалім мәтінді оқып береді. Оқушылар тыңдай отырып, өз түсінігіне сай белгілер қояды, кейін дәптердегі кестеге түсіреді.

Белгілердің мәні

  • VСәйкес келді (бұрыннан білетінім).
  • +Жаңа ақпарат.
  • ?Таңғалдырды / сұрағым бар.

Мысалдар

  • V: Кітап — адамның досы; кітаптан көп жақсы нәрсе үйренеміз; кітап шығару өте қиын еңбек.
  • +: Кітаптан көп ақыл аламыз.
  • ?: Сөздер қалай «ақыл береді»?

5) Сөздік жұмысы

Сөре

Кітап қоятын арнайы орын.

Уағына шейін

Уақытқа дейін.

Жан серігіміз

Досымыз, сырласымыз.

6) Оқу дағдысы: түсініп оқу және рөлге бөліп оқу

  • Мәтінді оқушыларға түсініп оқыту.
  • Үш оқушыға рөлдерді бөліп оқыту.
  • Оқудың анық әрі қатесіз болуына назар аудару.

7) Мазмұн бойынша сұрақтар

  1. Қандай бала болу үшін не істеуіміз керек?
  2. Балғын әкесінен нені сұрап білгісі келді?
  3. Кітаптан нені үйренуге болады?
  4. Сен қалай ойлайсың?
  5. Кітап оқуды ұнатасың ба?
  6. Қандай кітаптарды ұнатасың?

8) Қорытынды: ой толғаныс

«Менің оқулықтарым» тақырыбында өз ойларын айту: бір-бірін тыңдау, толықтыру, жинақтау.

«Бес жолды өлең» үлгісі

  1. 1) Не? — Кітап.
  2. 2) Қандай? — Қалың, жаңа, әдемі.
  3. 3) Не істеді? — Оқыды, ашты, үйренді.
  4. 4) Сөз тіркесі — Қалың кітап; кітапты оқыды; кітапты ашты.
  5. 5) Сөйлем — Ерлан кітапты ашып оқыды.

Үй тапсырмасы

«О, мен қандай ақылды болдым!» тақырыбында әңгіме жазып келу.