Сынып жетекші диагностикасы

11-сынып жетекшісінің портфолиосы

Бұл материал 11-сынып жетекшісінің тәрбие жұмысына қатысты құжаттарын, жоспарларын, шығармашылық жинақтарын және диагностика нәтижелерін жүйелеуге арналған.

I бөлім. Құжаттар

  • Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері
  • Сынып жетекшісінің ережесі
  • Нормативтік құжаттар
  • Сынып журналы

II бөлім. Шығармашылық жинақтар

  • Сынып жұмысының папкасы
  • Сабақ кестесі
  • Пән мұғалімдерімен жұмыс
  • Ата-анамен жұмыс
  • Тәрбие бағыттары
  • Дәстүрлі мерекелер
  • Сыныптағы іс-шаралар

III бөлім. Диагностика

  • Сыныптың білім сапасын талдау
  • Тәрбиелік деңгей диагностикасы
  • Оқушылардың мінез-құлық және темперамент ерекшеліктері

Мектептің тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Ұлттық сана-сезімі жоғары, мәдениеті мен парасаты қалыптасқан, ар-ожданы биік, еңбекқор, бойына игі қасиеттерді сіңірген азамат тәрбиелеу.

Міндеттері

  1. 1 Мемлекеттік рәміздердің тарихын терең меңгерту және оларға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  2. 2 Отанға, елге сүйіспеншілікті нығайтып, патриоттық сезімді арттыру.
  3. 3 Озық педагогикалық-психологиялық идеялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, адамгершілік және имандылық құндылықтарын күшейту.
  4. 4 Жалпы және ғылыми білім беретін пәндердің тәрбиелік мәнін арттыру.
  5. 5 Оқушылар арасында әлеуметтік тұрғыдан есірткіге қарсы тұру қабілетін қалыптастыру.
  6. 6 Оқушылар мен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шараларының тиімділігін күшейту.

Портфолио ұғымы және оның қолданылуы

Портфолио (ағылшын тіліндегі portfolio) — маңызды құжаттарды жинақтауға арналған папка, яғни «портфель» ұғымымен мәндес. Жаңа сөздіктерде портфолио көбіне визиттік карточка ретінде түсіндіріледі: адам туралы мәлімет, ұйымның маңызды құжаттары және жұмыс үлгілерінің жүйелі жинағы.

Қолданыстағы атаулары

  • Сынып жетекшісінің портфолиосы
  • Педагог портфолиосы
  • Электронды портфолио

Құрудың негізгі принциптері

  • Жүйелілік
  • Мәліметтердің нақтылығы және ауқымдылығы
  • Ақпараттың объективтілігі
  • Көрнекілік

Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқу-тәрбие жұмысын ізгілендіру арқылы қоғам дамуына сай өмір сүруге дайын, білім өрісі кең, сана-сезімі жоғары, дені сау тұлғаны қалыптастыру.

Негізгі міндеттер

  • Шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту.
  • Азаматтыққа, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу; мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді орнықтыру.
  • Мемлекеттік заңдарды білуге, азаматтық жауапкершілікке баулу; құқықтық тәрбие жұмысын жүйелі жүргізу.
  • Адамгершілік құндылықтар мен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.
  • Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру.
  • Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы ұлттық сана-сезімді, имандылық пен қадір-қасиетті дамыту.

Ұйым туралы мәлімет

Мектеп

«Қызылқой орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сынып

11-сынып

Сынып жетекшісі

Әлімқұлова Жазира Қыдырбайқызы