Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою

Сабақтың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Венн диаграммасы
  • Ой қозғау
  • Топтастыру және басқа да әдістер

Көрнекіліктер

  • Сюжетті суреттер
  • Дидактикалық материалдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, еңбекқорлыққа баулу және адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын және сөздік қорын дамыту.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Жеміс бағында» әңгімесі бойынша түсінігін сұрау.
  2. Мәтін мазмұнын сұрақтар арқылы бекіту.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу:

1) Ат басы, бөрі кеуделі, бөкен санды, арқар мүйізді. Бұл не?

Жауабы: Шегіртке

2) Ине бел, қылқа мойын, қара батыр, қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не?

Жауабы: Құмырсқа

2) Ой қозғау

Шегіртке

Қандай мінез, қандай әрекет байқалады?

Құмырсқа

Еңбекқорлық пен жауапкершілік туралы не айта аламыз?

3) Оқулықпен жұмыс

А) Автор туралы

  • Ақын, сазгер, аудармашы, ойшыл.
  • 1845–1904 жылдары өмір сүрген.
  • Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірінде туған.
  • Әкесі — Құнанбай, анасы — Ұлжан, әжесі — Зере.

Ә) Мысалды оқу және түсіндіру

Мысалды дауыстап оқып, негізгі ойы мен тәрбиелік мағынасын талқылау.

Б) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар

  • Шегіртке жазды қалай өткізді?
  • Шегірткенің жазғы күнгі жағдайы қандай болды?
  • Ол құмырсқаға не үшін келеді?
  • Құмырсқа шегірткеге не деді?
  • Шегіртке қандай сылтау айтты?

В) Рөлге бөліп оқу

Оқушыларды кейіпкерлер рөліне бөліп, мәтінді мәнерлеп оқыту.

4) Сергіту сәті

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз — талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

5) Дәптермен жұмыс

  • Тақырыпты жазу.
  • Шегіртке мен құмырсқаға мінездеме беру.

6) Топтасып ой қорыту

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» дегенді қалай түсінесіңдер?

Талқылау кезінде мысалдар келтіріп, әр топ өз ойларын дәлелдейді.

7) Бекіту

Венн диаграммасы арқылы Құмырсқа мен Шегірткенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

8) Үй тапсырмасы

Мысалды мәнерлеп оқу.

9) Бағалау және мадақтау

Оқушылардың сабаққа қатысуын, белсенділігін және тапсырмаларды орындауын бағалау, жетістіктерін атап өту.

Негізгі ой

Мысал еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын көрсетеді: уақытты тиімді пайдалану — қиын кезеңде қорған, ал жалқаулық — өкінішке әкелетін жол.