Адам ағзасына қандай пайдалы жемістерді білесің

Мақсаттар

Білімділік

«Адамға пайдалы заттар» тақырыбын меңгерту, жаттығулар арқылы грамматикалық тақырыптарды бекіту.

Дамытушылық

Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Тірек-сызбалар
  • Суреттер
  • Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Кезекшімен қысқаша сұхбат.

2) Үй тапсырмасы

Топтау сан есім, демеулік шылау, қос сөз тақырыптарының ережелерін жаттау және мысалдар келтіру. Үй тапсырмасы бағаланады.

3) Дайындық кезеңі

Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?

  • Жақсы тамақтану
  • Спортпен айналысу
  • Таза ауада серуендеу
  • Дәрумені мол тағамдарды тұтыну

4) Сабақтың мақсатын таныстыру

Бүгінгі тақырып — «Адамға пайдалы заттар». Жаңа мәтінмен танысып, тақырыпты меңгереміз. Тапсырмалар арқылы грамматиканы бекітеміз.

Сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін және жақсы көңіл күй сақтауды ұсынамын. Әр оқушыға смайлик пен бағалау кестесі таратылады.

Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

Құрам
состав
Әсіресе
в основном
Дәрумендер
витамины
Көмірсутегі
углеводы
Ақуыз
белок
Қабық
кожура
Ағза
организм
Пайдалы
полезный

Жаңа сөздермен 1–2 сөзден тұратын сөз тіркестерін құрастырайық: минералдық құрам, адам ағзасы, пайдалы зат.

Жұмыс нәтижесі бағаланады.

1-тапсырма: мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтінді дауыстап оқиды, кейін бір оқушыға кезектесіп оқытады. Оқушы мәтіннің мазмұнын орыс тілінде қысқаша түсіндіреді.

Мәтін: «Алманың пайдасы»

Алманың минералдық құрамы аса бай. Онда, әсіресе, калий көп. Сондай-ақ фосфор, кальций, магний, темір сияқты химиялық заттар да бар. Дәрумендер негізінен алманың қабығы мен қабықтың астындағы жұмсақ етінде болады. Олар — С, РР1, В2, Е дәрумендері.

Алмада 14,7% көмірсу бар, оның басым көпшілігі қант болып келеді. Одан кейін фруктоза, глюкоза және сахароза кездеседі. Бұл жеміс тамаша емдік қасиетімен де белгілі.

Деңгейлік тапсырмалар

III деңгей

  1. Мәтіннен демеулік шылауларды теріп жазыңдар.
  2. Мәтіндегі сан есімдерден топтау сан есімдерін жасаңдар.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша 3–4 сұрақ құрастырыңдар.
  2. «Көп», «жұмсақ», «жеміс» сөздерінен қос сөздер жасап, түрлерін атаңдар.

I деңгей

Алманың зияны туралы айтып бер.

Орындалған жұмыс бағаланады.

Аударма жұмысы

2-тапсырма: диалогті аудару және сөйлесу

Оқушылар жұппен жұмыс істеп, диалог бойынша сөйлеседі және аудармасын жасайды.

— Адам ағзасына қандай пайдалы жемістерді білесің?

— Какие полезные фрукты знаешь для организма человека?

— Қара өрік. Оның жеті түрі бар. Ал біздің республикамызда оның үш түрі өседі.

— Чернослив. Он имеет 7 видов. А в нашей Республике произрастают только 3 вида.

— Ол жеміс қай айларда піседі?

— В какое время поспевает этот фрукт?

— Мамыр, маусым айларында.

— В мае, в июне.

— Ол жеміс қайда өседі?

— Где растет?

— Орман шеттерінде, бұталардың арасында өседі.

— Растет на краю леса, в кустарниках.

— Оның қандай емі бар?

— Что лечит?

— Денеге іріңді бөртпелер шыққанда пайдаланса, көмегі көп.

— Большую пользу приносит при лечении гнойных прыщей.

— Жемісі қандай?

— Какую форму имеет этот фрукт?

— Жұмыртқа тәріздес, сары, қызыл түсті.

— Продолговатый, желтого, красного цвета.

Қосымша жұмыс

Бір оқушы «пайдалы», «өрік», «жұмыртқа» сөздерінің біреуіне фонетикалық талдау жасайды.

Практикалық тапсырмалар және бағалау

3-тапсырма: пайдалы тағамдарды атау

Адам ағзасына пайдалы тағамдарды атаңдар. Үлгерімі төмен оқушыға үлестірмелі қағаз беріледі.

Суреттермен жұмыс: пайдалы тағамды 1-себетке, пайдасызын 2-себетке орналастыру. Кейін «автор орындығына» отырып, таңдауды дәлелдеп талдау.

Тапсырма нәтижесі бағаланады.

Дұрыс/бұрыс сұрақтары

Мұғалім сұрақтарды оқиды, оқушылар «дұрыс/бұрыс» деп жауап береді. Соңында дұрыс жауаптар тақтада тексеріледі.

  • 1. Қос сөздер дефис арқылы жасалады. Дұрыс

  • 2. Алманың минералдық құрамы бай емес. Бұрыс

  • 3. Алмада көмірсу жоқ. Бұрыс

  • 4. Балық фосфорға бай. Дұрыс

  • 5. Адам ағзасына дәрумендер қажет. Дұрыс

  • 6. Қазақстанда қара өріктің 7 түрі өседі. Бұрыс

  • 7. Топтау сан есімнің сұрағы — «қаншадан?». Дұрыс

  • 8. «-ма, -ме, -ба, -бе, -ше» — сұраулық демеулік. Дұрыс

Графикалық тест

Оқушыларға дайын график ұсынылады. Берілген сөздерді 3 грамматикалық тақырыпқа сәйкес жауаптармен сәйкестендіреді. Тексерілгеннен кейін бағалар қойылады.

Талдау сұрағы: «Бұл сызық неге ұқсайды?» — «70 санына». «70 саны нені еске салады?» — «Жеңістің 70 жылдығын».

Осы орайда оқушыларды келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтау.

Қорытынды

Үйге тапсырма

Бүгінгі тақырып модульдің соңғы тақырыбы болғандықтан, толық қайталау жүргізіледі.

Бағалау және кері байланыс

Бағалау кестесіне қорытынды баға қойылады (күнделікке түсіріледі).

«Бүгінгі сабақ қалай өтті?» — оқушылар смайлик таңдап, төмендегі жауаптардың бірін айтады:

  • Тамаша
  • Жақсы
  • Нашар
  • Білмеймін

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Автор туралы

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Ростов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Муханбетжанова Жазира Мизамхановна.