Сөздің ортасы Сөздің соңы

Сабақтың тақырыбы

Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты

  • Г дыбысы және оның әрпімен таныстыру.
  • Г дыбысына қатысты сөздер ойлап айту және сол сөздермен сөйлем құрау.
  • Сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
  • Дүниетанымын арттыру.
  • Ұқыптылыққа және әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекілігі

Суреттер, электронды оқулық.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн,

Армысың, көк аспан.

Армысың, жас дос,

Жылуыма жылу қос.

Міне менің қолым.

Тапсырма

Оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

  • Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
  • Ү дыбысы қандай дыбыс? Ү дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтау.
  • Ү әрпіне қатысты сөздерді жазу: сөздің басы, ортасы, соңы.

Сөздің басы

Мысалдар жазу.

Сөздің ортасы

Мысалдар жазу.

Сөздің соңы

Мысалдар жазу.

Қосымша

  • «Кім кінәлі?» өлеңін жатқа айту.
  • Мәтінді өз сөзімен әңгімелеп беру.

Қорытынды ереже

Партаны сызбаймыз, мектеп мүлкін бұзбаймыз.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа кіріспе

Ребус шешу арқылы жаңа тақырып ашылады. Ребустың жауабы: «гүл».

Назар аударайық

«Гүл» сөзі жаңа дыбысты таныстыруға тірек болады.

Мағынаны тану

Дыбыстық талдау

«Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасалады. Г — дауыссыз, ұяң дыбыс.

Г дыбысы тіл ортасының қатты таңдайға тиіп, кейін қайтуы және дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалады. Ол, негізінен, жіңішке дауыстылармен тіркесіп айтылады.

Г дыбысының сөздегі орны

  • Г дыбысына қатысты сөздер айту, орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
  • Сөз соңында сирек кездеседі, көбіне кейбір терминдерде ғана ұшырасады: мониторинг, ринг.

Әріппен таныстыру

Г әрпінің баспа және жазба түрлері көрсетіледі, тақтаға жазылады.

Мультимедиа

Видео көрсетіліп, сөздерді толықтыру тапсырмасы орындалады.

Оқулықпен жұмыс

Көгершіннің хаты

Құстар әлемінен көгершін келіп, Г дыбысына қатысты сөздері бар хат әкелді. Сөздерді оқып көрейік:

егін егеу егіз сегіз кереге бетеге шеге неге шеңгел мезгіл

1) Хормен оқу

Сөздерді бәрі бірге оқиды, мағынасы түсіндіріледі.

2) Тізбектей оқу

Оқушылар кезекпен оқиды.

3) Топпен оқу

Әр топ сөздерді бірігіп оқиды.

Өлең оқу

Көгершіннің хатын оқығаннан кейін кітаптан «Ақ көгершін» өлеңі оқылады: мұғалім оқиды, кейін хормен қайталанады, соңында әр топтан оқушы бір шумақтан оқиды.

Сергіту сәті

Ән әуенімен сергіту жаттығулары орындалады. Соңында көгершінге алғыс айтылады.

Дәптермен жұмыс

Г әрпін ауада жазып жаттығу.

Дәптердегі үлгі бойынша Г әрпін көркем жазу.

Ой толғаныс

«Күн шұғыласы» әдісі: күннің шұғыласына Г дыбысына қатысты сөздерді жазу.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы мақтау және мадақтау арқылы бағаланады.