Сөз тіркесінің түрлерін ата

Қазақ тілі • 7-сынып

Синтаксистік қатынастар (презентациясымен)

Сабақ түрі: жарыс сабақ Сабақ типі: жаңа білім меңгерту

Білімділік мақсаты

Синтаксистік қатынастың түрлерін ереже мен жаттығу арқылы меңгерту.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік дағдыларын дамыту, ойлау өрісі мен дүниетаным көкжиегін кеңейту, шығармашылық іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

Адамгершілік қасиеттерге баулу, жақсы оқуға, үлгілі әрі білімді болуға, достықта адалдық сақтауға үндеу.

Сабақ кезеңдері

  1. 1. «Білемін»

    Қайталау, шолу, деңгейлік тапсырмалар.

  2. 2. «Зерттей аламын»

    Талдау, дәлелдеу, байқап көру.

  3. 3. «Білгім келеді»

    Тест, салыстыру, сұрақтар.

  4. 4. «Білдім»

    Жаттығу, қорытынды, бекіту.

I. «Білемін» бөлімі

Өткен тақырыптарға шолу сұрақтары мен деңгейлік тапсырмалар орындалады.

Қайталау сұрақтары

  • Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
  • Синтаксис нені зерттейді?
  • Сөз тіркесі дегеніміз не?
  • Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата.
  • Сөз тіркесінің түрлерін ата.
  • Сөз тіркесі бола алмайтын құрылымдар қандай? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
  • Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы қандай?
  • Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
  • Сөздердің байланысу түрлерін ата.

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Синтаксистік қатынастарды тауып, талдау.

II деңгей

Жанасу, қабысу, меңгеруді тауып, талдау.

III деңгей

Матасуды табу.

Талдауға арналған мәтін

Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Потанин биді көк көзі күлімдеп қарсы алды. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды.

Былтырғыдан гөрі құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр.

Биіктігі алтыбақандай, төрт аяқты тұғырлар үстінде бөренені тақтайға тіліп жатыр. Анадай жердегі қалқан астында сүргіленген тақтайларды жеке қалап қойыпты.

II–III. «Зерттей аламын» және «Білгім келеді» бөлімдері

Бұл бөлімдерде тест тапсырмалары және Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмысы жүргізіледі.

Тест сұрақтары

  1. 1) Етістікті тіркесті тап.

    • A) Жақсының ашуы
    • B) Басы жеткенше
    • C) Жаманның ашуы
    • D) Жаманның басы
  2. 2) Тұрақты сөз тіркесін тап.

    • A) Дархан дала
    • B) Ғұмырнама
    • C) Мұзға отырғызып кету
    • D) Кедей-кепшік
  3. 3) Толықтауыштық қатынасты тап.

    • A) Пайда ойлама — ар ойла.
    • B) Өзің үшін үйрен.
    • C) Тағы да келді.
    • D) Түс ауа қозғалды.
  4. 4) «Мен естідім» — қандай байланысу түрі?

    • A) Матасу
    • B) Жанасу
    • C) Қиысу
    • D) Меңгеру
  5. 5) Меңгеруді тап.

    • A) Сынға түсті
    • B) Біздің өлке
    • C) Аман келді
    • D) Кең дала
  6. 6) Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?

    • A) Тоғыз адам — қабысу
    • B) Кең бөлме — жанасу
    • C) Оқуға лайық — меңгеру
    • D) Алатаудың Жамбылы — матасу
  7. 7) Байланысу түрін анықта: «Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман»

    • A) Матасу, қабысу, жанасу
    • B) Меңгеру, қиысу, қабысу
    • C) Қабысу, меңгеру, жанасу
    • D) Матасу, меңгеру, қабысу
  8. 8) Есімді тіркесті тап.

    • A) Үлкен үй
    • B) Он шақты
    • C) Тағы да келді
    • D) Онға жуық
  9. 9) Анықтауыштық қатынасты тап.

    • A) Асығып сөйледі
    • B) Бұлардың жағдайлары
    • C) Балуанмен күресті
    • D) Ғалымнан басқа
  10. 10) Пысықтауыштық қатынасты тап.

    • A) Жаман әдет
    • B) Жақтырмай қарау
    • C) Қатты қағаз
    • D) Жылқыны бағу

Венн диаграммасы (салыстыру)

Ұқсастығы

Ортақ белгілерін анықтап, дәлел келтір.

Синтаксистік қатынас

Анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастарды салыстыр.

Байланысу түрлері

Қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасуды ажырат.

IV. «Білдім» бөлімі

Бұл кезеңде оқушылар білімін бекітіп, сөз тіркестерін құрастырады және тапсырмалар орындайды.

I. Сөз тіркестерін жаз

Төмендегі үлгілер бойынша сөз тіркестерін құрастыр.

I қатар — «Ойлан»

  • 1) Зат есім + зат есім
  • 2) Сын есім + зат есім
  • 3) Сан есім + зат есім

II қатар — «Тап»

  • 1) Есімдік + зат есім
  • 2) Септеулік шылау + етістік
  • 3) Зат есім + етістік

III қатар — «Ізден»

  • 1) Үстеу + етістік
  • 2) Сын есім + етістік
  • 3) Сан есім + етістік

II. Жаттығулар

1) Түрлерін ажырат

Мысалдарды: сөз тіркесі, тұрақты тіркес, күрделі сөз ретінде жікте.

  1. 1. Қара торы.
  2. 2. Кетіп қалды.
  3. 3. Үйде қалды.
  4. 4. Сары ала қой.
  5. 5. Жұмған аузын ашпау.
  6. 6. Он сегіз.
  7. 7. Жетпіс жыл.
  8. 8. Асығып-үсігіп келді.

2) Синтаксистік қатынас түрлері

Төмендегі сөз тіркестерін анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынасқа бөліп көрсет.

  1. 1. Ажардың анасы.
  2. 2. Шеберлікке үйрену.
  3. 3. Ақша бұлт.
  4. 4. Ертемен тұру.
  5. 5. Қаладан келді.
  6. 6. Сексен метр.
  7. 7. Балаларға айттым.
  8. 8. Гүрілдеген трактор.
  9. 9. Орманға жақындау.
  10. 10. Екеуміздің жолымыз.

3) Сөздердің байланысу түрлері

Мысалдарды: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу бойынша ажырат.

  1. 1. Алғашқы ойлар.
  2. 2. Қашықтық еңбегі.
  3. 3. Уақыттан озған.
  4. 4. Сендер сөйлеңдер.
  5. 5. Былтыр тапсырды.
  6. 6. Әлсін құлақ түреді.
  7. 7. Білгенге маржан.
  8. 8. Екі дос.
  9. 9. Біздің ауыл.
  10. 10. Сен таныссың.

Жедел сұрақтар (қорытындылау)

  • «Баланың әкесі» — қандай тіркес?
  • Меңгеруде жоқ септік қайсы?
  • Пысықтауыштық және толықтауыштық қатынастың ұқсастығы қандай?
  • Бағыныңқы сыңарға сұрақ қой: «менде бар?»
  • Сөздің мағынасын зерттейтін тіл саласы қайсы?
  • Жіктік жалғауының 2-жағы қандай?

Үйге тапсырма

Жазба жұмыс

«Сүйікті пәнім» тақырыбында әңгіме жазу.

Бағалау

Жауаптың дәлдігі, талдау сапасы, белсенділік.