Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды ата
Дүниетану • 2-сынып
Жануарлар қыста қалай жылынады?
Қыс — табиғат үшін де, жануарлар үшін де сын кезең. Суық күшейгенде жануарлар жылуды әртүрлі жолмен сақтайды: бірі інге тығылады, бірі қалың жүн өсіреді, енді бірі қысқы ұйқыға кетеді. Бұл сабақ жоспары жануарлардың қысқы өзгерістерге бейімделуін түсінуге және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жануарлардың қысқы табиғат өзгерістеріне бейімделуі туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Жануарлардың қыста жылыну жолдарын талдай отырып, дүниетанымды және танымдық қабілеттерді дамыту.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа материалды меңгерту
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, тест, ойын
- Көрнекілігі
- Оқулық, жануарлар суреттері, интерактивті тақта
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу
- Жұмыс форматы
- Жеке, жұптық және топтық жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу.
- Назарын сабаққа аудару.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Негізгі ой: Жылу — жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.
Тест
-
Жапалақ жемін қашан аулайды?
- а) күндіз
- ә) түнде
- б) түсте
-
Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?
- а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен
- ә) көзімен
- б) аяғымен
-
Жануарлар тіршілігіне не қажет?
- а) ауа, су, жарық, жылу, қорек
- ә) үй
- б) темір
-
Топырақта ауа бола ма?
- а) болады
- ә) болмайды
- б) мүлдем болмайды
-
Жануарларға жарық керек пе?
- а) иә
- ә) жоқ
- б) керек емес
III. Өткенді пысықтау: «Кім зерек?»
IV. Жаңа сабақ: жануарлар қыста қалай жылынады?
Қыс түскенде көптеген жануарлар өздерінің індеріне немесе апандарына тығылады. Ауыл маңынан көрінетін індер — тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Суық күшейген кезде олар осы паналарға кіріп, жылу сақтайды.
Назар аударайық
- Қоян, түлкі, тиін, қасқыр сияқты жануарлардың жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.
- Аюдың апаны мен борсықтың іні жылуды жақсы сақтайды.
Жорғалаушылар, қосмекенділер және бунақденелілер де жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскенде олардың қимылы баяулап, кейбірі мүлде қимылсыз күйге түседі. Күн жылынғанда қайтадан белсенді болады.
Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ сияқты жануарлар қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысына жуық уақытын ұйқымен өткізуі мүмкін.
Бұл қызық!
Аюдың қысқы ұйқыға кетуі көбіне тоңғандықтан емес, қорек азайғандықтан. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жетіспегендіктен ұшып кетеді.
Оқу тапсырмасы
- Мәтінді іштей оқу.
- Тізбектей оқу.
- Жеке-жеке оқу.
Дәптермен жұмыс
V. Меңгеруді тексеру және бекіту
Сурет бойынша жұмыс
Жануарларды танып, олардың қыста қалай қорғанатыны туралы қысқаша әңгімелеу.
Ойын: «Жануарларды өз ұясына қондыр»
Тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян, борсық, аламан, камшат.
1) Қысқа азық дайындайтын аңдар
Мысал келтіріп, дәлелде.
2) Қысқы ұйқыға жататын аңдар
Қай жануарлар ұйқыға кетеді? Неге?
3) Қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар
Қорегін қайдан табады?
«Кім зерек?» сұрақтары
- Тиін мен тоқылдақ ұясын қайда салады?
- Қандай аңдардың жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?
- Қандай жануарлар суықта қимылсыз күйге түседі?
- Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды ата.
- Қыста ұйқыға жататын аңдарды ата.
- Жануарлар тіршілігіне не қажет?
VI. Үй тапсырмасы
«Жануарлар қыста қалай жылынады?» тақырыбына эссе жазу.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмысқа үлесі ескеріледі.