Облыс орталығы Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Кеңқияқ орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Оразова Гүлшат Базархановна

Сабақ түрі: саяхат сабағы Сабақ типі: қайталау сабағы Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзін-өзі бағалау

Тақырыбы: Қайталау

Білімділік мақсаты

Балалардың ауызша қосу және азайту тақырыптары бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, сондай-ақ Ақтөбе облысы туралы маңызды мәлімет беру.

Дамытушылық мақсаты

Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру, облыс туралы білімін кеңейту және өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты

Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; алған білімін өмірде қолдана білуге бағыттау; туған жерін сүйетін, елінің көркеюіне үлес қосатын патриот тұлға қалыптастыру.

Көрнекіліктер

  • Ақтөбе облысының картасы
  • Көлік түрлерінің суреттері
  • Фишкалар
  • Слайдтар
  • Өзін-өзі бағалау критерийлері

Сабақ барысы

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең

1) Психологиялық дайындық

Көп ойнаған бала болады,

Көп ойлаған дана болады.

— Сабаққа дайынбыз ба?

— Жарайсыңдар, балалар! Ендеше сабағымызды саяхат түрінде өткізуге келісесіңдер ме?

— Саяхатқа қайда шығуға болады?

— Өте жақсы. Біздің ауылымыз қалай аталады?

— Ауданымыздың аты ше?

— Облысымыз қалай аталады?

2) Сабақтың идеясы

Биыл Ақтөбе облысының құрылғанына 80 жыл толады. Осыған орай, бүгін біз облысымызға ойша саяхат жасаймыз.

Сабақ барысында білімін көрсетіп, белсенді қатысқан оқушыға Ақтөбе облысының эмблемасы сыйға беріледі.

— Саяхатқа шығуға дайынбыз ба?

Онда алдымен үй тапсырмасын тексереміз.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы тексеріледі, қорытындыланады және белсенді оқушылар мадақталады.

II. Операциялық-орындаушылық кезең

Ақтөбе облысы туралы мәлімет

  • Ақтөбе облысы 1932 жылғы 22 ақпанда құрылды.
  • Құрамында 12 аудан бар.
  • Облыс орталығы — Ақтөбе қаласы.
  • Облыста 91 ұлт өкілі тұрады.
  • Жалпы халық саны: 682 558 адам.

Оқулықпен жұмыс: №1 (21-бет)

Берілген (4, 5, 3) цифрларынан сандар құрастырып жазыңдар. Ең үлкені мен ең кішісін разрядтарға жіктеңдер.

Құрастырылған сандар

453, 534, 435, 354, 345, 543

345

345 = 300 + 40 + 5

543

543 = 500 + 40 + 3

Маршрут бойынша елді мекендермен танысамыз: Шұбарқұдық (Темір ауданының орталығы), Темір (теміржол бекеті), Қандыағаш (Мұғалжар ауданының орталығы), Алға қаласы (Алға ауданының орталығы), Бестамақ (Алға ауданының ауылы), Ақтөбе қаласы (облыс орталығы).

Шұбарқұдық пен Ақтөбе қаласының арақашықтығы — 179 км.

Дәптермен жұмыс: №2

Ақтөбе қаласындағы басқару мекемелерімен танысу үшін есептерді орындау.

(370 − 320) + (150 − 90) = 110

(320 + 50) − (60 + 70) = 240

(620 + 30) − (670 − 50) = 30

(780 − 720) + (960 − 560) = 460

Слайд: Облыстық әкімшілік үйі

Облыстық әкімшілік үйі Әбілқайыр даңғылы бойында орналасқан. Облыс әкімі осы жерде басқару жұмыстарын жүргізеді.

— Біздің облысымыздың әкімі кім? Мұханбетов Архимед Бегежанұлы.

Тапсырма: №4

Оқушылардың түсіндіруі арқылы теңдеулер шығарылады.

x + 30 = 580

580 − x = 550

x − 550 = 30

Слайд: Өлкетану мұражайы

Бұл — облыстық өлкетану мұражайы. Мұнда облыстағы аудандар туралы деректер сақталған. Мұражай екі қабаттан тұрады.

  • 1-қабат: Ақтөбе облысының табиғаты, территориясы, тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киім үлгілері.
  • 2-қабат: өндіріс орындары, өңірден шыққан танымал тұлғалардың өмірі мен еңбегі.

Мұнда өнер мен мәдениет, ғылым мен спорт, мұнай-газ және ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан жерлестеріміз туралы мәлімет алуға болады.

Сергіту сәті

— Екі көзің не үшін керек?
— Екі құлағың не үшін керек?
— Екі қолың не үшін керек?
— Екі аяғың не үшін керек?

Тапсырма: №5 (есеп)

Талдау сұрақтары

  • Есеп не туралы?
  • Жолаушы қандай көлік түрлерімен жол жүрді?
  • Не белгілі? Не белгісіз?
  • Нені табу керек?
  • Қалай табамыз? Бірден таба аламыз ба? Неліктен?
  • Бір тәулікте неше сағат бар?

Шешуі

32 − (24 + 5) = 3 сағ

Жауабы: жолаушы ұшақпен 3 сағат ұшты.

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу (мәтінде көрсетілген).

Жүктеу