Батыс Қазақстанның маманданған салалары
Сабақ тақырыбы және мақсаттары
Білімділік мақсаты
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары және халқы туралы білімге сүйене отырып, ауданның өнеркәсібі мен шаруашылығының маманданған салаларын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беру, шаруашылығына дәлелді баға беру дағдыларын дамыту. Оқулықтағы суреттерді, сызба-схемаларды, кестелерді, атлас пен картаны пайдаланып, қосымша деректермен өздігінен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды патриоттық және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу, туған елдің байлығын қорғап, қадірлей білуге баулу. Ұжымдық және жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдық пен шығармашылық ізденісті дамыту.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларының суреттері арқылы 4 топқа бөлу.
- Әр топ топбасшысын сайлайды.
- Бағалау парақтары таратылады: топбасшысы оқушылардың аты-жөнін жазып, жұмыс барысында бағалап отырады.
2) Үй тапсырмасын тексеру: тест (3 минут)
Оқушылар тест орындайды, кейін интерактивті тақтадағы жауап кілті арқылы бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
Алғашқы тест сұрақтары
-
1) Батыс Қазақстан шектеспейтін аймақ:
а) Шығыс в) Солтүстік с) Оңтүстік д) Орталық е) барлығы
-
2) Батыс Қазақстанда халқы ең көп облыс:
а) Батыс Қазақстан в) Ақтөбе с) Атырау д) Маңғыстау е) барлығы
-
3) Батыс Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай?
а) мұнай-газ, хром-никель в) көмір, мыс, марганец с) полиметалдар д) темір кені е) алюминий
-
4) Доссор, Мақат, Прорва кен орындары кездесетін облыс:
а) Батыс Қазақстан в) Атырау с) Маңғыстау д) Ақтөбе е) ешқайсысында кездеспейді
-
5) Қаражанбас, Қаламқас кен орындары кездесетін облыс:
а) Атырау в) Батыс Қазақстан с) Ақтөбе д) Маңғыстау е) ешқайсысында кездеспейді
Жауап кілті
1 – а, 2 – в, 3 – а, 4 – в, 5 – д
Бағалау критерийі
- 5+ — “5”
- 4+ — “4”
- 3+ — “3”
Жаңа сабақты меңгеру
Қызығушылықты ояту
Орал, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының негізгі маманданған салалары мен өнеркәсіп тораптарының орталықтары туралы слайд-презентация көрсетіледі. «Кластер» стратегиясы арқылы тақырып ашылады.
Бағыттаушы сұрақтар
- Табиғат жағдайы шаруашылықтың қай түрлерін дамытуға қолайлы?
- Аудан қандай кен орындарына бай?
- Өнеркәсіптің қай салаларына маманданған?
- Мұнай ең көп қай облыста өндіріледі?
Мағынаны тану: «ДЖИКСО» әдісі
Әр топқа мәтін үлестіріледі. Топбасшысы түсіндіріп болған соң, келесі топқа барып мазмұнын жеткізеді. Соңында әр топ талқылап, 1 оқушы баяндама жасап қорғайды.
1-топ
Өнеркәсіп, маманданған салалар
2-топ
Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп
3-топ
Көлік: теміржол, құбыр, автокөлік, өзен, теңіз, әуе
4-топ
Қалалары, мамандану, даму проблемалары, болашақ, экология
Қорғау тәртібі
- Уақытты сақтау: әр топқа 3–4 минут.
- Жаңашыл тәсіл қолдану.
- Проблемалық мәселелерді атап өту.
- Қазақстан экономикасына қосатын үлесін дәлелдеу (статистикалық дерек, БАҚ, интернет материалдарын қолдану).
Топтық практикалық жұмыс
Тапсырмалар оқулық, карта және атлас негізінде орындалады. Әр топтан 1–2 оқушы шығып қорғайды.
1-топ тапсырмасы
Оқулықтағы 233-бет, 135-суретті пайдаланып жауап беріңіздер:
- 1) Халықтың көбі қай салада жұмыс істейді?
- 2) Қай облыста ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер көбірек? Карта мен атластан анықтаңыздар.
2-топ тапсырмасы
Карта мен оқулықты (148-сурет) пайдаланып, пайдалы қазбалардың кен орындарын табыңыздар:
Қай облыстарда кездесетінін анықтаңыздар.
3-топ тапсырмасы
Оқулықтағы 272-бет, 148-сурет негізінде:
Батыс Қазақстандағы ең ірі облысты анықтап, картадан негізгі өнеркәсіп кәсіпорындарын көрсетіңіздер.
4-топ тапсырмасы
16-кестені мұқият талдап, анықтаңыздар:
- 1) Теңіз көлігімен қандай жүк түрі тасымалданады?
- 2) Жүктің қай түрінің тасымал көлемі артқан?
Ой толғаныс және қорытынды
Қорытынды тест
-
1) Батыс Қазақстанның маманданған салалары:
а) мұнай мен газ өндіру в) түсті металлургия с) электр энергетикасы д) машина жасау е) химия
-
2) Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы қосымша сала:
а) көмір в) мұнай-газ химиясы с) тоқыма д) машина жасау е) балық өңдеу
-
3) Рентген аппаратын шығаратын қала:
а) Ақтөбе в) Атырау с) Ақтау д) Орал е) Жаңажол
-
4) Мал шаруашылығы салаларының ішінде біршама дамығаны:
а) қой мен марал в) қой мен ірі қара с) құс пен шошқа д) түйе және жылқы е) құс және жылқы
-
5) Хром мен никель өндіретін облыс:
а) Атырау в) Ақтау с) Орал д) Ақтөбе е) барлығы
Жауап кілті
1 – а, 2 – д, 3 – а, 4 – в, 5 – д
Бағалау
- 5+ — “5”
- 4+ — “4”
- 3+ — “3”
- 2+ — “2”
Бағалау, рефлексия және үй тапсырмасы
Бағалау
Топбасшылары бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады. Мұғалім қорытынды бағаларды шығарады.
Сабақты қорытындылау және рефлексия
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріледі, оқу мақсаттарына қаншалықты жеткені талқыланады.
Үй тапсырмасы
- § 28 оқу.
- Кескін картаға Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсіп орындарын түсіру.