Айтыс өнерін зерттеген ғалымдарды ата
Сабақ тақырыбы
Айтыс — шешендік өнердің падишасы.
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушылардың алған білімін бекіту, айтыс өнерінің құдіреті туралы ойларын жүйелеу және саралау.
Дамытушылық
Айтыс туралы пікірін сын тұрғысынан ойлау арқылы талқылауға үйрету, шығармашылық жұмысты жандандырып, дамыту.
Тәрбиелік
Айтыс өнеріне және өнерпаз ақындарға құрмет сезімін нығайту. Сахна дәстүрін қадірлеуге, өзара пікірді тыңдап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Сабақ түрі
- Бекіту сабағы
- Сабақ әдісі
- Сын тұрғысынан ойлау
Көрнекіліктер мен ресурстар
- М. Әуезов, Біржан, Сара портреттері
- «Айтыс» (екі томдық) кітап, карточкалар
- Домбыра
- Бағалау диаграммасы
- Қазіргі айтыс ақындарының портреттері
Пәнаралық байланыс
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Кезекшілермен жұмыс.
- Көңіл күй тренингі: «Жақсы сөз — жан жылуы».
- Сыныпты айтыскер ақындардың суреттері арқылы топқа бөлу: Сүйінбай, Жамбыл, Біржан.
II. Қызығушылықты ояту
шамамен 5 минутОй шақыру: «Айтыс» атты ғажайып сөздің сырына үңілейік.
- Ассоциация құру.
- Топтастыру: әр топ өз ойларын қағазға түсіріп, іледі.
- Топ идеялары жинақталып, оқылып, айтыс туралы кіріспе толықтырылып айтылады.
III. Мағынаны тану (кубизм әдісі)
шамамен 5 минутТапсырма 1
«Айтыс» түрлерін атаңыз. Айтыс өнерін зерттеген ғалымдарды атаңыз.
Тапсырма 2
Бәдік айтысы мен жұмбақ айтысын салыстырыңыз. Қыз бен жігіт айтысынан үзінді көрсетіңіз.
Тапсырма 3
Қазіргі айтыс ақындарының ішінен кімді үлгі тұтасыз? Неліктен?
Тапсырма 4
Бейнежазбадағы үзіндіні талдаңыз: бұл айтыстың қай түріне жатады?
Тапсырма 5
«Айтыс бізге керек / керек емес» тақырыбында факт келтіріп, дәлелдеңіз.
Ұлдар тобы
Дәлелдер мен мысалдар келтіреді.
Қыздар тобы
Қарсы пікір ұсынады немесе толықтырады.
Құрал
Венн диаграммасы: Біржан мен Сара айтысын салыстыру.
IV. Ой толғаныс
Еркін жауап: оқушылар талдау нәтижесі бойынша өз пікірін айтады.
Біржан мен Сара айтысынан жаттаған үзінділерін мәнерлеп айту тексеріледі.
V. Үй тапсырмасы
«Айтыс — шешендік өнердің падишасы» тақырыбында шығарма жазу.
VI. Бағалау (критерийлер бойынша)
-
Есте сақтау
Мәтінді дұрыс әрі толық жеткізуі.
-
Дауыс ырғағы
Интонация мен екпіннің үйлесімі.
-
Өлеңнің мәнері
Мәнерлеп оқу, сахналық мәдениет.
-
Сөздің анықтығы
Дыбыстау тазалығы мен түсініктілігі.
-
Сөз көркемдігі
Тіл байлығы, ұтымды тіркес, әсерлі ой.