Сауысқан мен көкек суреті
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
«Сауысқан мен Көкек»
Сабақтың мақсаты
Ертегінің мазмұнын түсіне отырып, негізгі идеясын ашу.
Сабақтың көрнекілігі
- Сауысқан мен көкектің суреттері
- Әртүрлі ресурстар, плакат
- Маркер, желім
Күтілетін нәтижелер
Пәндік нәтиже
Кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі
- Өз бетімен қорытынды шығара білуге дағдыландыру
- Қызықты әңгімелеуші рөлінде қалыптасуына жағдай жасау
- Энциклопедиялық сөздік пен басқа дереккөздерді қолдану дағдысын дамыту
Тұлғалық нәтиже
Адамгершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Үй тапсырмасын қорытындылау.
- 2 «Ыстық орындық» әдісі арқылы «Алтын балта» ертегісін мазмұндау.
- 3 Кейіпкерлерге жазылған хаттарды оқу.
I. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу
1-топ
Үй құстары
2-топ
Жабайы құстар
3-топ
Қызыл кітапқа енген құстар
Постермен жұмыс
Үш топқа құстардың бірнеше бөлікке бөлінген суреттері беріледі. Оқушылар бөліктерді құс денесінің дұрыс құрылымына сәйкес орналастырып, желіммен жапсырады. Содан кейін әр топ құстың атын атап, ол туралы білетін мәліметтерін айтады.
Қосымша көрнекілік: сауысқан мен көкектің суреті.
II. Мағынаны тану
Бағыттау сұрағы
«Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі мәтін қандай жанрға жатады?»
- Ертегі
- Мысал
- Әңгіме
Мәтінмен жұмыс
1-топ
Тізбектей оқу
2-топ
Рөлге бөліп оқу
3-топ
Рөлге бөліп сахналау
«Айналмалы бекет» тапсырмалары
1-топ — Зерттеңіз
- Неліктен көкектің ұя салуға құлқы жоқ?
- Көкек неліктен тек айғайлай береді?
2-топ — Әңгімелеңіз
Сауысқан ұясының өте мықты екенін қалай сипаттады?
Қолдау материалы: 7-слайд.
3-топ — Талқылаңыз
Көкек пен сауысқанның табиғатқа және адамдарға қандай пайдасы бар?
Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім — бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды — бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым — барлық істі атқарған.
III. Ой толғау
Топтық жұмыс
I топ
Кесте толтыру
| Басты кейіпкерлер | Мекендейтін жері | Пайдасы | Қандай сабақ алдың? |
|---|---|---|---|
| Сауысқан | |||
| Көкек |
II топ
Көкекке хат жазу
Көкектің іс-әрекетіне қатысты ойыңды білдіріп, кеңес немесе ұсыныс түрінде хат құрастырыңдар.
III топ
Бес жолды өлең
Тақырып бойынша бес жолды өлең құрастырыңдар (зат есім, екі сын есім, үш етістік, сөйлем, синоним).
Жұмыстарды қорғау
Әр топ өз жұмысын таныстырады және қысқаша қорытынды жасайды.
Бағалау, үй тапсырмасы және кері байланыс
Бағалау
Топ жұмыстары нақты критерийлер бойынша бағаланады. Қалыптастырушы бағалау ретінде смайликтер қолданылады.
Үй тапсырмасы
Ертегіні оқып, мазмұндап келу.
Кері байланыс
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақта саған не түсініксіз болды?
- Бүгінгі сабаққа қандай ұсынысың бар?