Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Армысыздар, құрметті ұстаздар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгін тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегім» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік – ел тағдырын айқындайтын ең қастерлі құндылық. Қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізілген егемендік бізге Қазақстанды әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосудың жолын ашты. Осы 25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың күрделі кезеңдерінен сүрінбей өтіп келеміз.
Бұл жолда Қазақстанды әлем мойындайтындай, құрметтейтіндей деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың көреген саясаты мен ерен еңбегін әрдайым атап өту – парыз.
Тәуелсіздік күні – еліміздің әр азаматы үшін орны бөлек мереке. Өйткені бұл жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтіп өтті.
Бағдарлама
Хор
«Көк тудың желбірегені»
Көрініс
Немересі мен әжесі
Мемлекеттік рәміз
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады
Әндер
- «Қазақ жігіттері»
- «Атамекен»
Хор
«Желтоқсан желі»
Өлең жолдары: Тәуелсіздікке тағзым
Нұрали
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жыл ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ел ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Асылжан
Азат елім күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
Бағдаулет
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Қ. Аманжолов жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан талай сын өтті. Алайда жұрт азаттық таңы туарына сеніп, үмітін үзген жоқ.
Ерасыл
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Нұрислам
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Отан, жер, ел және ер
«Орнында бар оңалар» демекші, ел де орнында, жер де орнында. Жерге жетер байлық жоқ: жер болса – ел болады, ел болса – ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егемен ел болып, дүние жүзіне танылды.
Бірлік пен береке мекені
130-дан аса ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқан қасиетті мекенімізде әр адам өз Отанын жанындай сүйіп, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Дархан далада егіні теңіздей толқып, төрт түлік өрбіп, өндіріс өркендеп келеді.
Желтоқсан: ерлік пен елдік сабағы
Ш. Нұрсезім
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік-наланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира,
Құрбаны болған жаланың.
Б. Нұрсезім
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып.
Бұғаудағы боздақтары кете барды:
Бірі атылып, бірі дарға асылып.
Гүлназ
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да қыңқ етпеді жарасы.
Жараланған жолбарыстай ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы.
Ерасыл (Қайраттың сөзі)
Қайрат деген атым бар,
Он сегізде жасым бар.
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең атыңдар!
Аруна
Сұранбады, жалынбады – тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан, тіксінді.
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанішерлер айналада көпсінді.
Таң қалады тергеуші де, белі кетіп:
«Неткен қайтпас! Біз мұндайды көрмедік!
Барлық қазақ осындай ма? Білмедім.
Жоқ әлде сен оқшау ма едің – не ерлік!»
Ерасыл
Барлық қазақ осындай – бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған сары даламды.
Кіргізбеген жауларын бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген әр бабамды!
Түйін
Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздікке бастар жолдың ауыр белесі. Бұл – ерлікке тағзым, елдікке үндеу, бірлікке шақырған тарих сабағы.
Ақпарат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі: Елеусінова Света Қалиқызы
Толық нұсқасын жүктеу