Жамбылдың бала атануы

Сабақтың мақсаттары

Білімдік мақсат

  • Оқушыларға Жамбыл өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту.
  • Мәнерлеп жатқа айту және өлеңді талдау машықтарын жетілдіру.
  • Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту.

Тәрбиелік мақсат

  • Патриотизмге, Отанды сүюге, адамгершілікке баулу.
  • Поэзияға, сөз өнеріне және көркемөнер әлеміне сүйіспеншілікті арттыру.

Дамытушылық мақсат

  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.
  • Ойлау шеберлігін, сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістер

Әңгімелесу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, тестік сауалдар, мәнерлеп жатқа оқу.

Көрнекіліктер

Ж. Жабаевтың суреттері мен шығармалары, “Дастан ата” кітабы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, бейнелеу өнері, ән-музыка.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Түгендеу.
  • Сабаққа назар аударту.

Сабақ басында Жамбылдың ұрпағына деген әкелік мейірімін аңғартатын мына жолдар оқылады:

Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.

Жамбылдың асқақ үні — ақ пейіл мен аталық махаббаттың куәсі.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Екі ғасырдың куәсі Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жоспар бойынша баяндалады.

1. Жамбылдың бала атануы
2. Қобызшы бала
3. Алғашқы дәріс
4. Жарапазан
5. Менің пірім — Сүйінбай
6. Жамбыл — айтыскер ақын
7. Шоқанмен кездесуі
8. Алғашқы оңтүстік сапары
9. “Ленинградтық өрендерім”
10. “Аттандыру” өлеңін жатқа айту

Тыңдалымнан кейін мұғалім 1938 жылы жазылған “Күн толғауынан” үзіндіні оқиды:

Көктей түс, Отанымның шаттық бағы,
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы.
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары.

Бұл кезең — бейбіт өмірдің тынысы. Алайда көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталды.

Сұрақ

Ұлы Отан соғысы қашан басталды және қашан аяқталды?

Соғыс жылдарында халық майданға аттанған әке-аға, бала-бауыр, жақын жандарын шығарып саларда қоштасу өлеңдерін де шығарды. Солардың бірі — Жамбылдың “Аттандыру” өлеңі.

Жаңа сабақ

I. Алғадай туралы дерек және әкелік үн

Жамбылдың (Жәкеңнің) өз белінен алты ұлы болған: Қожамберді, Қожаш, Аққұл, Ізтілеу, Алғадай, Тезекбай. Алдыңғы екеуі ертерек қайтыс болады. Ізтілеу мен Алғадай әскер қатарына алынады.

Алғадайдың ерліктері жайлы бөлім бастығы хат жазғанда, Жәкең қатты қуанады. 1942 жылдың күзінде Алғадайдың өзі де әкесіне хат жолдап, майдандағы іс-әрекетін баяндайды. Әкесі жауап хатында баласына рух береді:

Хатыңды, балам, оқыдым,
Қалыңды білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.

Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман...

Есіңде, балам, бар шығар,
Айтқаным — Отан әмірін.
Шегінбе жаудан, жанды сал,
Шешілмек содан тағдырың!

Жамбылдың хатындағы негізгі өзек: Отан алдындағы парыз және жігер.

Ақын соңында: “Достарыңа сәлем айт! Жауларыңды жеңіп қайт!” — деп ақ тілегін білдіреді. Жәкең Алғадайды ерекше жақсы көріп, “Өзге балаларым бір төбе, бұл бір төбе” деп отырады екен.

Сұрақ

Баласына арнап өлең жазған тағы қандай ақынды білесіңдер?

Жауап: Абай — “Әбдірахманға”.

Алғадайға қысқаша мінездеме

Әкесінің сүйікті ұлы Арманшыл Адал Ақылды Ер жүрек Ибалы Сыйлы

II. “Алғадай туралы әрбір ой” өлеңін оқу және талдау

Ақынның “Алғадай туралы әрбір ой” өлеңі мәнерлеп оқылады (мұғалім).

Талқылау сұрақтары

  1. Алғадай кім?
  2. Ақын ата неге күңіреніп өлең шығарады?
  3. Ақын оны неге жоқтайды?
  4. Алғадай не үшін, кім үшін мерт болды?
  5. Соғысқа арналған тағы қандай өлеңдері бар?

Негізгі идея

Өлеңді талдауда басты назар: әке жүрегінің қайғысы, азаматтық парыз, елдік рух.

Қайғы
Намыс
Үміт

III. 1943 жыл: қаралы хабар және жырдың тууы

1943 жылы Алғадайдың Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқанын Жамбылға сол кездегі хатшысы Ғали Орманов және ақын Әбділдә Тәжібаев естіртеді. Осы ауыр сәттен кейін Жамбыл жоқтау сарынындағы жырын шығарады.

Талқылау сұрақтары

  1. Өлеңнің 1–2 бөлімдерінен баласын жоғалтқан әкенің қайғысы қалай байқалады?
  2. 3-бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

IV. Әдебиет теориясы: халық поэзиясының шағын түрлері

Тұрмыс-салт жырлары

Жар-жар, беташар, сынсу, бесік жыры.

Мұң-шер өлеңдері

Қоштасу, естірту, жоқтау, бата.

Өлеңді талдай отырып, “Алғадай” бейнесіне ортақ сипаттарды анықтау ұсынылады (ассоциация әдісі).

Сұрақ

Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

Сұрақ

Алдағы жылы Жеңістің неше жылдығы атап өтіледі?

Сұрақ

Жамбыл қандай ақын? (Ассоциация әдісі)

Айтыскер ақын Абыз жырау Эпик ақын Жауынгер ақын

Қорытынды бөлім

Бекіту

  • Тестік сауалдар.
  • Оқушылардың жазған әңгімелерін оқыту: “Біз соғысты көрген жоқпыз”, “Соғыс болмасын!”.

Бағалау және үй тапсырмасы

  • Оқушыларды бағалау.
  • Үйге тапсырма: өлеңді жатқа айту; тестік сауалдарға дайындалу.

Тестік сауалдар

Төмендегі сұрақтар арқылы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты білім тексеріледі.

1. Ж. Жабаев қай жылы туды?

  • A) 1839 ж.
  • Ә) 1843 ж.
  • Б) 1846 ж.
  • В) 1849 ж.

2. Жамбылдың әкесінің аты?

  • A) Ыстыбай
  • Ә) Жабай (Жапа)
  • Б) Сүйіндік
  • В) Көкім

3. Жамбылдың шешесінің аты?

  • A) Ұлдан
  • Ә) Құртқа
  • Б) Ләсиман
  • В) Сара

4. Жамбылдың шыққан руы?

  • A) Арғын — Ақжол
  • Ә) Албан — Айт
  • Б) Шапрашты — Екей
  • В) Найман

5. Ақынның ең алғашқы өлеңі?

  • A) “Шағым”
  • Ә) “Көкімге”
  • Б) “Өсиет”

6. Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы

  • A) Кенен
  • Ә) Ыбырай
  • Б) Сүйінбай
  • В) Шоқан

7. Құламбет пен Жамбыл қай жылы айтысты?

  • A) 1880 ж.
  • Ә) 1886 ж.
  • Б) 1897 ж.
  • В) 1899 ж.

8. Жамбылдың шәкірті

  • A) Нұрила
  • Ә) Кенен
  • Б) Айкүміс
  • В) Сара

9. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлы

  • A) Тезекбай
  • Ә) Қанан
  • Б) Тәйті
  • В) Алғадай

10. Жамбыл Мемлекеттік сыйлығын қай жылы алды?

  • A) 1899 ж.
  • Ә) 1909 ж.
  • Б) 1932 ж.
  • В) 1941 ж.