Тренинг тақырыбы
Тренинг тақырыбы
Жақсы көңіл-күй — жан шуағы
Бұл тренинг оқу жылының басында сынып жетекшілердің жұмысқа деген құлшынысын арттырып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.
Мақсаты
- Оқу жылының басында сынып жетекшілердің жұмысқа деген ынтасын күшейту.
- Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және өзара қолдауды арттыру.
- Өзіне деген сенімділікті дамыту, еркін қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер және құралдар
Әдіс-тәсілдері
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, рөлдік ойындар, топтық жаттығулар.
Көрнекілігі
Нақыл сөздер, интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаздар мен құрал-жабдықтар.
Тренингтің барысы
9 бөлімнен тұратын құрылым
1) «Аялы алақан»
Жылы байланысМақсаты: жылылықты, сенімділік деңгейін және еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық
- Қатысушылар шеңбер болып отырады.
- «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз келеді, нені көргіңіз келеді?» деген сұрақ қойылады.
- Бастапқы қатысушы көршісінің қолын ұстайды; жаттығу шеңбер бойымен жалғасады.
2) «Көрші»
БірлікМақсаты: әр қатысушының топтың бір мүшесі екенін сезіндіру, бір-біріне жылылық сыйлату.
Нұсқаулық
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысында — біз үлкен отбасы.
Қатысушылар жаттығуды қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
3) Сенімді, сенімсіз және агрессивті мінез-құлық
Рөлдік ойынМақсаты: сенімді мінез-құлықтың мәнін түсіну, өзіне деген сенімділікті дамыту және мінез-құлық түрлерін ажырата білу.
Жүру барысы
- Әр қатысушыға әртүрлі жағдаят жазылған парақ таратылады.
- Қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлықпен (агрессивті, сенімсіз, сенімді) көрсетеді.
Мысал жағдаят
Танысыңыз сізге берген уәдесінде тұрмады.
Агрессивті әрекет
...
Сенімсіз әрекет
...
Сенімді әрекет
...
4) «Құпия сыйлық»
ШығармашылықМақсаты: креативті ойлауды жандандырып, бір-біріне ізгі тілек айту мәдениетін күшейту.
Нұсқаулық
- Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы және өзге құралдар таратылады.
- Әр қатысушы сыйлық жасайды, бірақ кімге арналғанын білмейді.
- Соңында артында сан жазылған гүл күлтелері таратылады.
- Реттік нөмір бойынша жұптасып, сыйлық иесі анықталған соң қатысушылар бір-біріне тілек айтып, сыйлығын ұсынады.
5) «Ортадағы қалам» стратегиясы
СергітуМақсаты: еркін атмосфера құру, батылдық пен импровизацияны қолдау.
Нұсқаулық
- Барлық қатысушының қаламдары жиналады.
- Көзді жұмып бір қалам таңдалады.
- Қалам иесі ортаға шығып, қораптан тапсырма алады.
Тапсырма үлгілері
- Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындау.
- Соңғы кезде көріп жүрген телесериалыңыздағы сүйікті кейіпкерді сомдау.
Ойын осы үлгіде жалғаса береді.
6) Интерактивті тақтадағы психологиялық жаттығулар
ПрактикаМақсаты: назарды шоғырландыру, эмоциялық сергіту және топтық белсенділікті арттыру.
Қатысушылар интерактивті тақта арқылы ұсынылған қысқа психологиялық тапсырмаларды кезекпен орындайды.
7) «Әнді жалғастыр!»
Көңіл-күйМақсаты: көңіл-күйді көтеру, жағымды эмоция қалыптастыру.
Нұсқаулық
Жүргізуші өлеңнің немесе әннің бірінші жолын айтады. Бірінші топ келесі жолын, екінші топ одан кейінгі жолын, келесі топ соңғы жолын жалғастырады.
Үлгі ретінде ұсынылатын әндер
- 1.«Әрқашан күн сөнбесін!»
- 2.«Анашым»
- 3.«День рождения»
- 4.«Жан досым»
8) «Шаттық шеңбері»
РефлексияМақсаты: тренингтен алған әсерді бөлісу және ішкі ресурсты бекіту.
Барлығы шеңберге тұрып, тренинг барысында алған әсерлері мен түйген ойларын қысқаша бөліседі.
9) Қорытындылау
ЖинақтауЖүргізуші тренингтің негізгі идеяларын жинақтап, қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреді. Қатысушылар өзара жылы лебіз айтып, кездесуді аяқтайды.
Нәтиже
Психологиялық ахуал
Жылы қарым-қатынас нығайып, қолдау мәдениеті күшейеді.
Сенімділік
Сенімді мінез-құлықты түсіну арқылы ішкі тұрақтылық артады.
Командалық рух
Ұжым өзін «бір үлкен отбасы» ретінде сезінуге қадам жасайды.