Ауылым алтын бесігімТуған жер - адам өмірімен тікелей байланысты

Ауылым — алтын бесігім

Туған жер — адам өмірімен тікелей байланысты ең қымбат ұғым. Менің Отаным — Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде дүниеге келдім.

Балалық шағым туған ауылдың көшелерінде алаңсыз ойнап, еркін өсумен өтті. Шынында да, туған ауыл бәрінен де ыстық екен.

Сағыныштың өзі — ауылға деген махаббат

Жазғы демалыста ауылдан сәл жырақ шығып, нағашы ата-әжелерімнің ауылына қыдырсам да, туған ауылымның түтіні мен шаңына дейін сағынам. Тіпті жаздың күндері шәуілдеп жатпайтын итім Мойнақты да аңсаймын.

Ал ауылға қайтып келе жатқанда, жақындаған сайын бойыма ерекше қуат бітіп, туған ауылымның ауасын кеудеме толтыра жұтамын. Әрбір жусанның иісін сезіп, шәрбаттай татитын суын шөлім қанғанша рақаттанып ішемін.

Жусан иісі

Туған жердің тынысын сездіретін ең таныс белгі.

Шәрбаттай су

Шөлді ғана емес, көңілді де басатын қадірлі дәм.

Мойнақ

Ауылдың өзіне тән жылуын есіме салатын адал серігім.

Ауылдың таңғы көрінісі

Таңертең сабаққа сөмкемді асынып, үй сыртына шықсам, апа-аналарымыздың қазан басында үй шаруасымен, ас қамымен күйбеңдеп жүргенін көремін. Көшеге шыққанда ауылдың ақсақалдары азанғы сиырларын өріске айдап, бір-бірімен қауқылдасып амандасып, жөн сұрасып тұрады.

  • Қазан басындағы тіршілік — ауылдың берекесі.
  • Ақсақалдардың амандасуы — үлкенге құрмет, сөзге жылылық.
  • Өрістегі мал — еңбектің, тіршіліктің белгісі.

Көше бойлап келе жатып, алдымнан аппақ жұмыртқадай әсем бой көтерген ауыл мешіті көрінеді. Ал одан әріректе менің алтындай жарқыраған мектебім қарсы алады. Мектепте жүзі мейірімді апайларым күліп қарсы алып, қызыққа толы, қарбалас сабақтар басталады.

Туған жердің қадірі

Мұның бәрін тәпіштеп жазуымның себебі — әрбір адамға өз туған жері ыстық. Ондағы әрбір ғимарат, әрбір көше, әрбір ұсақ-түйекке дейін жүрекке жақын.

Өз ауылымды ешнәрсеге айырбастамас едім. Туған ауылыма деген махаббатым ерекше, әрі әрбір адамның бойында осындай қасиет болады деп сенемін.

Автор туралы

Оқушы
Қуандық Әли, 5-сынып
Мектеп
№ 61 жалпы орта мектеп
Мекенжай
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекені
Жетекші
Серикбаева Гулдана Шырынбаевна