Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғаліміТәжбенова Нүргүл ҰласарқызыТақырыбы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Тәжбенова Нүргүл Ұласарқызы

Мақсаты

Оқушыларға 12 ақпанСара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін ерекше мәні бар екенін түсіндіру.

С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, оқушыларға жаңа мәліметтер беру.

Өткізілу барысы

Кіріспе

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясының авторы С. А. Назарбаеваның туған күніне орай, «Алтын жүрек» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған онкүндіктің қорытынды кешіне — «Сіз туған күн – мереке күн!» атты шараға қош келдіңіздер!

Құттықтау сөз

Бүгінгі қорытынды кешімізді ашу үшін мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға құттықтау сөз береміз.

Мерекеміз — туған күн,
Тойыңда қызық думан бар.
Туған күн — бұл жаңа өмір,
Сайранда туыс-туғандар!

Келесі құттықтау сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Ниязымбетов Ғани ағайға береміз.

Әсем, ерек достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!

Ән

Зинелабдин Жансаяның орындауында «Бақытты балалық шақ» әні.

Негізгі бөлім

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің басты себебі — Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпандағы туған күні. Осыған орай Қазақстанның барлық мектептерінде «Алтын жүрек» бағдарламасына сәйкес онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылып, аталып өтуде. Біздің мектебімізде де осы онкүндік аясында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Маңызды дерек

2001 жылдан бастап С. А. Назарбаева Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясын қалыптастырды. Осы бастамаға сәйкес сынақ алаңдары ұйымдастырылып, пән алғаш рет Алматы қаласындағы мектептерде енгізілді.

Бұл сабақ оқушылардың бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға ықпал етіп, олардың өзіндік мәнін қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар пән мазмұны 12 жылдық білім беру жүйесіндегі маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

Шаттық шеңбері

Ендеше, Шаттық шеңберін құрып, Сара апайымызға жүрекжарды тілегімізді білдірейік.

Қуан, шаттан, қуан, шаттан —
Қуанатын күн бүгін!
Қуан, шаттан!

Әдеби-музыкалық бағдарлама

Ән

«Бақытты балалық шақ»

Орындайтындар: Өмірзақовтар

Би

Қазақ биі

Орындайтындар: бишілер тобы

Ән

«Менің Қазақстаным»

Орындайтын: Абылай Ақжол

Би

Түрік биі

Орындайтын: Әбдали Ақерке

Жүректен — жүрекке

Оқушылар С. А. Назарбаеваға жүрекжарды тілектерін білдіреді.

Қорытынды

Жүргізуші: Мұқағали жырлағандай:

Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай,
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Осымен С. А. Назарбаеваның туған күніне арналған кешіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет!