Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы

ХХІ ғасыр – информатигі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірге «ХХІ ғасыр – информатигі» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шабыт жолдары

Ойын толқын — айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын — жатқанда асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де — қалма жасып.

Ендеше, ойынға қатысатын талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 6 оқушы қатысады. Бүгінгі сайысымыз 5 турдан тұрады.

1-тур

Бәйге

2-тур

Полиглот

3-тур

Ғажайып алаңы

4-тур

Қиял әлемі

5-тур

Жорға

(Ойыншылар өздерін таныстырады.)

1-тур — Бәйге

Қатысушыларға сәт сапар тілейміз! Бұл турда барша ойыншыға ортақ 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Аталған байттар тізбегі? Жауап: файл
  2. Ақпараттың неше түрі бар? Жауап: мәтіндік, графикалық, символдық
  3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? Жауап: сканер
  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? Жауап: интерфейс
  5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? Жауап: 256
  6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? Жауап: пернетақта
  7. Компьютердің «ақыл-ойы»? Жауап: процессор
  8. Мәтін дегеніміз не? Жауап: жолдар тізбегі
  9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? Жауап: антивирус
  10. Бос орын қалдыру пернесі? Жауап: пробел

Көрермен жиналған бұл тамашаға құр қарап отыру жараса ма? Туысқа, досқа, сыныптасқа емес — білімді жас талантқа қол соғайық!

2-тур — Полиглот

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білсеңіз — ұпай сізге олжа! Бұл кезеңде сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айту қажет.

3 тілде

30 ұпай

2 тілде

20 ұпай

Тек қазақша

10 ұпай

  1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді?

    Дыбыс — Звук — Sound

  2. «Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкене күн көзін»

    Шам — Лампочка — Lamp

  3. Ақпараттың қайнар көзі?

    Табиғат — Природа — Nature

  4. Графикалық курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы?

    Тышқан — Мышь — Mouse

  5. «Ас — адамның арқауы, ал компьютердің асы…»

    Ток — Ток — Current

  6. «Өнер алды — қызыл …»

    Тіл — Язык — Language

Ереже: осы турдың нәтижесі бойынша ұпайы ең аз 3 оқушы ойыннан шығады.

3-тур — Ғажайып алаңы

Мәңгі есте қалар ғажайып кеш болсын! Білімдірек шәкірт озсын, қиынырақ сұрақ болсын. Сұрақтар информатика пәні бойынша ұяшықтарда сандар арқылы беріледі.

Windows объектілері

30

Windows-тың негізгі объектілеріне не жатады?

Файл, қапшық, таңбаша (белгіше)

40

Өшірілген немесе жойылған файлдар қайда сақталады?

Себет (Корзина)

50

Стандартты программаларды атаңыз

Блокнот, Калькулятор, WordPad, Paint

Есептеуіш техникасының даму тарихы

30

«Компьютердің атасы» кім?

Чарльз Бэббидж

40

1694 жылы арифмометрді құрастырған неміс математигі кім?

Лейбниц

50

Бірінші электрондық есептеуіш машина қалай аталады және қай жылы жасалды?

ENIAC, 1946 жыл

Дербес компьютердің құрылысы

30

Аз батырмалы құрылғы

Тышқан

40

«Компьютердің тілі» деп нені атайды?

Монитор

50

Сыртқы жадпен жұмыс істейтін құрылғы

Дискжетек

Аралас сұрақтар

30

Microsoft фирмасын кім құрды?

Билл Гейтс

40

Мәтін түрлерін атаңыз

Кәдімгі мәтін, кесте, программалық мәтін, енгізілген объектілер

50

Зиянкес программа

Вирус

3-тур қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

4-тур — Қиял әлемі

Ойыншыларға тақырып беріледі. Сол тақырыпқа сай қызықты әңгіме құрастыру қажет. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кейін қатысушылар кезекпен өз жұмыстарын ортаға салады.

Тақырып 1

Егер мен робот болсам…

Тақырып 2

Егер мен хакер болсам…

Білімнің ұшқырлығын танып сен, асығып-тасып қалыспа сен. Уақыт деген зымырап зулап жатыр — бұл сайыста шапшаңдық керек екен.

5-тур — Жорға

Бұл кезеңде жылдамдық пен дәлдік сыналады. Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріңіз.

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы?

    Принтер

  2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы?

    Модем

  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы?

    Процессор

  4. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа?

    Калькулятор

  5. Дыбыс жазу құрылғысы?

    Микрофон

  6. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі?

    Delete

  7. Дискілерді оқу құрылғысы?

    Диск енгізгіш

  8. Кең тараған монитор түрлері?

    EGA, VGA

  9. Дискета түрлері?

    3,5 және 5,25 дюймдік

  10. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы?

    Монитор

  11. Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы?

    CD-ROM

  12. Дыбыс шығаратын құрылғы?

    Колонка

  13. Әртүрлі объектілер орналасқан Windows экраны?

    Жұмыс үстелі

  14. Графикалық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы?

    Сканер

  15. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы?

    Интернет

  16. Ақпарат өлшем бірлігі?

    Бит, байт

  17. Windows сөзінің аудармасы?

    Терезе

  18. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны?

    Файл

  19. Мәлімет енгізу пернесі?

    Enter

  20. Деректерді сақтауға арналған құрылғы?

    Жады

  21. Сурет салуға арналған программа?

    Графиктік редактор

  22. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?

    Латын

  23. Пернетақта қандай құрылғы?

    Енгізу құрылғысы

  24. Графиктік редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді

    Тышқан

  25. Антивирустық программалар не үшін қажет?

    Вирустардан қорғану және оларды жою үшін

Ең көп ұпай жинаған оқушы «ХХІ ғасыр – информатигі» атағына ие болады.

Құттықтаймыз!

Бүгінгі «ХХІ ғасыр – информатигі» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!