Тұманбай Молдағалиев өлеңіСағынышСағынамын құрбы қызды шамын жаққан бөтеннің, Қызығамын өміріне бақыт тапқан екеудің
Тұманбай Молдағалиев өлеңі
Сағыныш
Сағынамын құрбы қызды шамын жаққан бөтеннің,
Қызығамын өміріне бақыт тапқан екеудің.
Қайда жүрсем достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін әлгі құрбы қызды құрметтеуім бе екен бұл?!
Сағынамын қарт әжені, мені көрсе жылайтын,
Балам менің қайда жүр деп қайта - қайта сұрайтын.
Бұдан жиырма жылдай бұрын қайтыс болған баласын,
Келе ме деп сұрағанда, үнсіз толқып қаласың.
Келеді, апа, - деймін оған жандай-ақ бір кінәлі,
Менің алдап тұрғанымды ол да біліп тұрады.
Қайда жүрсем, достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін осы мұңды ананы мүсіркеуден бе екен бұл?
Әрі жүрсем, қарсы алдымнан дос, құрдасым шығады,
Көңілімдегі көп сырымды атқызбай-ақ ұғады.
Бір жартыны екі бөліп, тартып алып екеуміз,
Екеуміз де мағынасыз әңгіме айтып кетеміз.
Әр жүрсем, ақ сақалды шал тұрады жол бағып,
Жұрттың берген сәлемдерін бүгініне олжа ғып.
Құрдасы жоқ ойнайтұғын, мұңдасы жоқ сырласар,
Қарияның халі бүгін бұрынғыдан тым нашар.
Әкең сенің досым еді, бірге өсіп ек, - дегенді,
Көрген сайын бір айтады, мен білмеймін не деуді.
Жолың болсын, балам, балам, - деп қалады шал маған,
Жаяу жолда тұрғандай ол, түсіп қалып арбадан.
Қайда жүрсем, достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін осы қарияны көргім келу ме екен бұл?!
Әр жүрсем, бір топ бала жүгіреді доп қуып,
Өкінтеді бұлардың мен арасында жоқтығым.
Көк теректер сыбырлайды құлағыма бір күйді,
Ақ қайыңдар баяғыдай кешкі ауада мүлгиді.
Баяғыдай тас өткелден сылдыр-сылдыр су ақты,
Менен басқа бұл ауылда өзгеріс жоқ сияқты.
Қайда жүрсем, достарыма ауыл жайлы шертем жыр,
Мүмкін бала Тұманбайды сағынудан ба екен бұл?!
Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Стилистикалық фигуралардың сипаты
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Жұбан Молдағалиев
Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс
Бақытжан Әбдірайымов
ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ
Адам өміріне қарсы қылмыстар түсінігі,түрлері
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым
Сөз жоқ, мынау сол қыздың бет пішіні
Қызды үйінен ұзатып салу ата - ана үшін өте үлкен бақыт
Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті - оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі
Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады