Төрт түлік төлдері, төрт түлік пірлері
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп
Сабақты дайындаған: Сүйербаева Жазира Еділовна
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сөздік, көрнекілік, проблемалық
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, интернет материалдары
Сабақтың тақырыбы: Қазығұрт тауы
Сабақтың мақсаты
1) Қазақ халқының өміріндегі маңызы бар құндылықтарды таныту; төрт түлік малдың қасиетін насихаттау; «Қазығұрт тауы» өлеңінің негізгі ойын ұғындыру.
2) Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін және ой ұшқырлығын дамыту; мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
3) Өз елінің тарихын тануға және бағалай білуге, елін-жерін сүюге, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Туған тілім – бабам тілім – өз тілім,
Туған тілім – далам тілім – өз тілім,
Туған тілім – анам тілім – өз тілім,
Туған тілім – адам тілім – өз тілім.
Сұрақ-жауап
- Туған ана тіліміздегі түрлі шығармалардың сырын ұғындыратын пән қай пән?
- Жауап: Әдебиеттік оқу.
- Пәнге даярлық жұмысы.
Білімдерін тексеру
Төрт түлік мал туралы білімдерін анықтау. «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылардың білетіндерін жинақтау: төрт түліктің түрлері, төлдері және төрт түліктің пірлері.
Нақтылау
Төрт түліктің төлдерін атау
Нақтылау
Төрт түліктің пірлерін еске түсіру
Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі тақырыптың негізгі идеясын таныстыру. Ата-бабаларымыз төрт түлік малдың қадір-қасиетін терең ұғынып, оларды айрықша қастерлеп, күтіп-баптаған. «Иесі бар» деп сеніп, мал-жанның амандығын тілеп, сол иелеріне жалбарынып, табынған. Қазақта «Мал-жан аман ба?» деген тілек-сұрақтың сақталуы да осы түсінікпен байланысты.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бүгінгі сабақта төрт түлік малдың шығу тарихына байланысты аңызды оқып, танысамыз. Жұмыс түрі: слайд арқылы түсіндіру.
Кіріспе әңгіме
Сұрақтар
- Республикамыз қалай аталады?
- Елордамыз қай қала?
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орында. Ұлан-байтақ өлкеміз тарихи қойнауларға толы, шежірелі әрі киелі мекен. Қазақстан 14 облысқа бөлінеді.
Бүгін біз Қазақстанның оңтүстігіндегі киелі өңірдің бірі — Қазығұрт туралы танимыз. Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт ауданында түйенің өркешіне ұқсайтын, ел жадында ерекше орны бар Қазығұрт тауы орналасқан. Аңыз бойынша, жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесі осы таудың үстінде тоқтап, содан кейін тіршілік қайта жанданып, көбейген деседі.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
- Өлең мазмұнын талдау, негізгі ойды анықтау.
Төрт түліктің пірлері
Төрт түліктің пірлерін таныстыру: атату, дәптерге жаздыру.
Ойын: «Адасқан төлдер»
Енесінен адасқан төлдерді бір-біріне қосу арқылы дұрыс сәйкестендіру.
Сергіту сәті
«Төлдер әнін» орындау.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқыту, талдау. Төменде берілген сұрақ-тапсырмалар арқылы мазмұнын меңгерту.
Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі сабақта қандай киелі мекен туралы білдік?
- Қай пайғамбардың кемесі осы тауда тоқтаған деген аңыз бар?
- Бұл аңыздың негізгі мәні қандай?
- Төрт түліктің пірлеріне адамдар не үшін жалбарынған?
Үй тапсырмасы
Негізгі тапсырма
Өлеңді жаттау.
Қосымша тапсырма
Дарынды оқушыға: Нұқ пайғамбар туралы дерек жинап келу.
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, қосымша деректермен толықтыруға болады.