Қайсысы бұрыс
Сабақ жоспары: «Ата Заң» (3-сынып) және «Біздің Заң» (4-сынып)
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Умарова Гүлнар Темиргалиевна. Шағын жинақты сыныптарға арналған біріктірілген сабақ жоспары.
3-сынып
Әдебиеттік оқу. Тақырып: «Ата Заң» (Қ. Айтолқын)
4-сынып
Әдебиеттік оқу. Тақырып: «Біздің Заң» (Х. Ерғалиев)
Сабақтың мақсаты
- Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту; Ата Заң туралы ұғым қалыптастыру; оның өмірдегі қолданылуы мен тараулары туралы мағлұмат беру.
- Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту.
- Ата Заңның құндылығын түсінуге, басты құжатты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа материал. Дәріс сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік, ойын.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану.
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ұраны
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2) Үй жұмысын тексеру (3-сынып)
- Қоңырау қай кезде соғылады?
- Күз мезгілінің айларын ата.
- Мектепті неге анаға теңейді?
- Алғашқы қоңырау күні балалар неге қуанады?
- Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін жатқа айту.
2) Үй жұмысын тексеру (4-сынып)
Оқушылар үйге берілген К. Ахметованың «Қазағым» өлеңіне сүйене отырып, үлестірмелі кестелерді толтырады.
3) Қызығушылықты ояту: ой қозғау
- «Заң» сөзін қалай түсінесің?
- Заңға бағыну деген не?
- Құқық деген не?
- Тәуелсіз мемлекетке заң не үшін қажет?
- Қазақстанда Ата Заң күні қашан атап өтіледі?
Слайд 1
Тарихқа шолу
- Шыңғыс ханның «Үш жасағы»
- Қасым ханның «Қасқа жолы»
- Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Қазіргі кезде қоғам өмірі Конституция негізінде құқықтық нормалармен реттеледі.
Слайд 2
Ата Заң: ұғым
Конституция сөзі латын тілінен аударғанда «құрылым», «жарғы», «заң» деген мағыналарды білдіреді.
4) Мағынаны ашу
Бүгін 3-сынып пен 4-сыныпта да Ата Заң туралы оқып, танысамыз.
1) Оқулықпен жұмыс
3-сынып: Қ. Айтолқынның «Ата Заң» өлеңін мәнерлеп, тізбектей оқыту.
4-сынып: Х. Ерғалиевтің «Біздің Заң» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын талқылау.
2) Жұппен жұмыс
Әр жұп өлең шумақтарының мазмұнын түсіндіріп айтуға дайындалады.
Сергіту сәті (топтық ойын)
«Қызыл, сары, көк ауыл» ойыны арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Слайд 3
Ойын: «Қызыл, сары, көк ауыл»
Оқушылар үш топқа бөлінеді: көк ауыл, қызыл ауыл, сары ауыл. Әр топқа өз түсіне сәйкес лента беріледі.
Көк ауыл
Су бар, бірақ азық жоқ.
Қызыл ауыл
Азық бар, бірақ су жоқ.
Сары ауыл
Су да, азық та бар, бірақ отын жоқ.
Сұрақ: Қалай өмір сүруге болады? Не істейсіздер? Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақал бірлік пен өзара сыйластықтың маңызын көрсетеді. Құқықтық тілмен айтқанда, бұл — заңды білу және оны құрметтеу. Бүгінгі өлеңдеріміз де Конституцияның ел өміріндегі ең басты құжат екенін баяндайды.
5) Ой қорыту
Слайд 4
1) Қайсысы заң, қайсысы ереже?
- Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының парызы және міндеті.
- Көшеде дұрыс жүруді үйрен.
2) Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Дәлелде.
- Заңды барлық адамдар орындауы керек.
- Заңды орындау міндетті емес.
3) Аяқталмаған сөйлемдерді толықтыр
- Егер мен күнде сабаққа кешігіп келсем, ...
- Егер мен мектептің терезесін сындырып алсам, ...
6) Сабақты бекіту сұрақтары
- Заң адамдарға не үшін қажет?
- Заңгер деген кім?
- Күнделікті өмірде қандай ережелер мен заң талаптарын орындаймыз?
- Егер заң болмаса, қоғам өмірі қандай болар еді?
7) Бағалау
Оқушылардың мәтінді түсінуі, мәнерлеп оқуы, жұптық және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.
8) Үй тапсырмасы
- Өлеңді жаттау.
- Мектеп өмірінде қолданылатын ережелер мен «мектеп заңдарын» (тәртіп талаптарын) анықтап, мысалдар келтіру.
Сабаққа пайдаланылған слайдтар
- 1.Тарихқа шолу: дәстүрлі құқықтық жүйелер.
- 2.«Конституция» ұғымының мағынасы.
- 3.Ойын: «Қызыл, сары, көк ауыл».
- 4.Ой қорыту тапсырмалары: заң, ереже, дұрыс-бұрыс, сөйлемді толықтыру.