Басым дал - дал
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Мен онымен қай кезде көрісемін?
Қашан?
Қашан?
Айтшы сен соны, сенім?
Мен қашанғы аңсаумен аласұрып,
жүрегімді, миымды таң асырып,
тарта берем күтудің мұңды азабын,
тағдыр қашан қояды бұл мазағын?
Көрмей, құшпай, қашанғы сенделемін,
естілсеші сен жақтан бір ғажап үн
Қашанғы енді мен сені ұмытпаймын,
қашанғы іште жатады ұлып қайғым?
Қашан, қашан ұшады сағым болып
жүрегіме ілінген құлыптай мұң?
Мен қашанғы ішімнен шыңғырамын,
қашан, қашан басылар бұл құмарым,
ей, адамдар, айтсаңшы біреуің кеп,
қандай емнен жазылар жынды жаным?
Неге осы мен өзгеден басқарақпын,
неге жұртқа шат жерде - жасқа баттым?
Басқалардай неге мен елтімеймін
самалына, көркіне бақша - бақтың?
Жерік әйел секілді есім ауып,
неге саған осы мен ашқарақпын?
Басым дал - дал. Білмеймін
немен, қалай тынарын бұл күндерім,
қалай қуам көңілдің бұлтын, желін;
немен басам, білмеймін, жанымдағы
мизам күнгі найзағай күркілдерін...
Жанар - найза, ішім - от, қол дәрменсіз,
жауға алдырған батырдай жұртын, жерін.
Келем көзсіз дауылда арпалысып,
саған жетіп құлауым мүмкін менің.
Копирайтинг - мәтін жазу
Аллельді гендер
Медициналық басылымдардағы сөз мәдениетінің жайы
Мендель белгілерінің тұқымқуалау заңдылықтары
Ынталандырудың кәсіпорынның тиімділігін арттыру факторы ретіндегі теориялық мәні, мәселелері
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Демографиялық дамудың сапасына экологиялық апаттар рөлі
Белгілердің тұқым қуалаушылық заңдылықтары мен тұқым қуалаушылықтың принциптері
Вильфредо Парето, Фердинанд Теннис және Георг Зиммельдің социологиялық ойлары
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу ЖШС «Тамир»
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
ҚТС жалпы номерлік сыйымдылығы және минималды материалды шығынға сай РАТС-тың оптималды сыйымдылығы таңдалын
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік