Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.
  • Қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстардың нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойғы арман-тілегі мен өзара туыстастығының негізінде қалыптасқанын түсіндіру.
  • Абылай хан мен Тәуке ханның билік жүргізу саясатына түсінік беру.

Тәрбиелік

  • Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
  • Өз елінің тарихына және оның адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Картамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
  • Өз бетінше қорытынды жасауға үйрету.
  • Ізденіске бағыттау, зерттеушілік дағды қалыптастыру.
  • Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі және көрнекіліктер

Сабақтың түрі

Қайталау және қорыту сабағы.

Көрнекілік құралдар

  • Карта.
  • Тірек схемалары.
  • Абылай хан мен Тәуке ханның портреттері.
  • Әр түрлі кестелер.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Зейінді сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалімнің сөзі

Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен басты алғышарттардың бірі — Әбілхайыр хандығындағы ру-тайпалардың саяси жағдайы болды. Шаруашылық өмірдегі дағдарыстар, хан әулеті арасындағы билік үшін тартыс және ойрат тайпаларымен соғыстардағы жеңілістер халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығын күшейтті.

Бұған қоса, феодалдық езгі мен қанау қарапайым жұртты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп-қону тәртібі жиі бұзылып, ел бейбіт өмірді аңсады.

Осындай тарихи жағдайда Керей мен Жәнібек сұлтандар жағдайды дер кезінде танып, мақсаттарына шебер пайдаланды. Олар Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы тұрған қазақ тайпаларының жетекшілеріне айналып, болашақ Қазақ хандығының негізін қалау үшін қазақ тайпаларын бастап Батыс Жетісуға көш бастады.

Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы саяси күш ретінде пайдалану ниетімен құшақ жая қарсы алып, оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.