Назарбайды шақырамын ортаға
Қайырлы кеш, қадірлі қауым!
Қайырлы кеш, ардақты ата-аналар, қадірлі қонақтар, ұлағатты ұстаздар және қымбатты оқушылар! Уақыт арғымақтай тулап, байқатпай өте шығады. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің өмірінде қызығы мен қуанышы қатар өрілген он бір жыл бір күндей зырғып өте шықты.
Бүгін — мектеппен, балалықпен қоштасар күн. Бұл сәт мектеп тарихында да, жас түлектердің жадында да мәңгі өшпейтін ерекше күн болып қалады. Ендеше, баршаңызды осы салтанатты кешпен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүректен шыққан жыр
Жас жүректің өмірлік құштары — гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Түлек болып ұшып, өмірге қанат қақпақшы,
Дүрсілдеп соғып жүректер, гүлін жарылып ашпақшы.
2014–2015 оқу жылының жас түлектері
Бүгінгі мерекенің басты иелері — 2014–2015 оқу жылының жас түлектері. Әрқайсысы — мінезі бөлек, қабілеті дара, арманы асқақ жандар. Ортаға түлектерді салтанатпен шақырамыз!
Күлімхан
Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішкен — әдебиеттанушы, журналист, редактор. Мұратхан әдебиеттану орталығының орынбасары Күлімханды ортаға шақырамыз.
Гүлдаурен
Математиканы шемішкеше шағады, қазақ тілінің қыр-сырын біледі, орысша диктантты да түзеп береді. Сыныптасымыз Гүлдауренді ортаға шақырамыз.
Назарбай
Қалада да, тойда да өз орнын табатын, тамада болуға да жарайтын, бүгінгінің Ақан серісі мен Біржанындай сері жігіт. Сыныптасымыз Назарбайды қарсы алайық.
Сайран
Мінезі ашық, баршамызға дос болған, биылғы 11 «А»-ны басқарған сынып жетекшіміз — Сайран ағайды (ұстазымызды) ортаға шақырамыз.
Қуаныш
Менделеевтің элементтерін жатқа айтатын химик, спортқа да жақын жігіт. Сыныптасымыз Қуанышты ортаға шақырамыз.
Сая
Жалғандыққа көне бермейтін, сабырлы да салмақты, артық сөзге жоқ жан. Біздің Саяны қарсы алайық.
Мөлдір
Өнерімен ел ықыласына бөленген, болашақ актриса — әнші, биші Мөлдір. Биіктен көрінетініне сенеміз. Қуан Мөлдірді қарсы алайық.
Сиқуат
Қиындыққа мойымай, болашағын ерте ойлаған, операторлыққа жақын, кәсіпке де ерте қадам басқан Сиқуатты ортаға шақырамыз.
Ажар
Ажар десе — ажарлы, ұшқын атқан жанарлы. Болашақ мықты физик — Ажарды шақырамыз.
Талғатбек
Компьютерге жүйрік, бағдарламаның тілін шемішкедей шағатын білімді шәкірт — Талғатбек. Ортаға шақырамыз.
Айсара
Анасының үлгісімен өсіп, көркі гүлдей құлпырған, білім нәрін жинаған Айсара — Алтай мен Атыраудың арасындай кең дүниеге құлаш ұрған қызымыз. Қарсы алайық.
Жасұлан
Жасынан тіл үйреніп, білімі судай тасып тұрған жігіт. Hello, hello, Жасұлан!
Минар
Өнері — би. Биімен талай сый алған, биологтардың бишісі — Минарды шақырайық.
Наурызбек (Бақыт)
Ақындығы бар, жүрекке жыр құятын, әнші, сазгер, артист, әрі еңбекке жақын азамат. Бақыт Наурызбекті қарсы алыңыздар.
Тоқтауберді
Мінезі салмақты, өнері жан-жақты. Биологияны таңдап, болашақта дәрігер болуды мақсат еткен Тоқтаубердіні ортаға шақырамыз.
Нұржан
Өмір мәнін ұғып, істің ретін табатын, көп сөйлемей жымиып жүретін, тыныштықты сүйетін Нұржанды қарсы алайық.
Санжар
Ашық-жарқын, жайдары мінезді, көп істің жөнін білетін сері жігіт. Ортаға Санжарды шақырамыз.
Кештің көңілді сәті
1-жүргізуші: Сонымен, барлық түлектерімізді шақырып болдық-ау деймін?
2-жүргізуші: Сонда бағанадан сөзден жағы талмаған, бітіруші достарға ақ тілегін арнаған сен екеуімізді де шақыра ма?
1-жүргізуші: Онда былай етейік: сені мен шақырайын, мені сен шақыр. Қарсы алыңыздар, алдарыңызда мектебіміздің ақыны...
2-жүргізуші: Жоқ-жоқ, тоқта! Мен де басқа сыныптастарым сияқты салтанатпен шыққым келеді. Мен ана жаққа барайын, сен қайтадан тақпақтап шақыр!
Ақ жол, жас түлек!
Бұл кеш — қоштасу ғана емес, үлкен өмірдің есігін ашар қадам. Жас түлектерге сәт сапар, ақ жол, биік мақсат пен баянды бақ тілейміз!