Балалардың құрастыруға деген ынталарын арттырып жол белгілері ережелерін есте сақтауға үйрету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім беру саласы
Таным
Сабақ
Құрастыру
Тақырып
Бағдаршам
Негізгі бағыт
Жол белгілері мен қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға үйрету, түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Мақсаты
- Балалардың құрастыруға деген ынтасын арттыру және жол ережелерін есте сақтауға үйрету.
- Әртүрлі материалдарды пайдаланып бұйым жасауға баулу.
- Бос сіріңке және «Киндер» қорапшаларын қолдана отырып, бағдаршам құрастыру арқылы шығармашылық ойды дамыту және жұмысты нәтижеге жеткізуге үйрету.
- Жұмыс барысында бір-біріне кедергі жасамауға, бастаған істі тиянақты аяқтауға дағдыландыру.
Іс-әрекет кезеңдері
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Тәрбиешінің іс-әрекеті
«Жылулық шеңберін» ұйымдастырады.
Балалардың іс-әрекеті
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз!
Жайнай түсті даламыз!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
2) Ұйымдастыру-іздестіру кезең
Есік қағылып, пошташы ағай хат әкеледі. Тәрбиеші балаларға: «Бізге Жыл атасы пошта арқылы хат жіберіпті» дейді.
Балалар хат ішіндегі суреттерге қызығушылық танытып, тапсырмаларды орындауға келіседі.
I тапсырма
Қызыл дөңгелекПішіні мен түсін анықтау: қызыл, дөңгелек.
Жұмбақ:
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын —
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Көктем
II тапсырма
Сары дөңгелекПішіні мен түсін анықтау: сары, дөңгелек.
Көктем айлары: Наурыз, сәуір, мамыр.
Қазіргі ай: сәуір.
III тапсырма
Жасыл дөңгелекПішіні мен түсін анықтау: жасыл, дөңгелек.
Тапсырма:
Көктем мезгіліне байланысты тақпақ айту.
Нәтиже
Балалар тапсырмаларды орындап болған соң, дөңгелек пішіндерді тақтаға құрастырып, бағдаршам бейнесін шығарады.
3) Тосын сәт: аюдың оқиғасы
Топқа басын ұстап аю кіреді. Балалар таңырқай қарайды.
Аю
«Басым-ай, басым…»
Тәрбиеші
«Аюжан, саған не болды? Басыңды қайдан ауыртып алдың?»
Аюдың жауабы
«Көшеде бал тиеген машинаны көріп, соған жармасып едім. Құлап қалып, басымды ауыртып алдым…»
Түсіндіру жұмысы: жол ережесі және бағдаршам
Тәрбиеші аюға көшедегі көлікке жармасуға болмайтынын түсіндіріп, жол ережесін сақтау қажеттігін айтады: жолда бағдаршам бар.
Аю: «Мен жол ережесін білмеймін. Бағдаршам деген не?» — деп сұрайды.
Тәрбиеші балаларды әңгімеге тартып, тақтадағы сурет арқылы түсіндіреді: бағдаршам — жол қозғалысын реттеуші, жол қиылысынан қауіпсіз өтуге көмектеседі, жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды.
Маңызды ережелер
- Бағдаршам бар жерде адамдар өтетін ақ жолақ (жаяу жүргінші өткелі) болады.
- Балалар жолдан ата-анасының немесе үлкендердің көмегімен өтуі керек.
- Көлік жүретін жолдың қапталында арнайы адамдар жүретін тротуар болады.
Талдау сұрақтары
Тәрбиеші суреттерден дұрыс және дұрыс емес әрекеттерді көрсетіп, балаларға сұрақ қояды: «Суреттен нені байқадыңдар?»
Балалар аюдың машинаға жармасуы дұрыс емес әрекет екенін айтып, жол ережесін бұзғанын түсіндіреді.
4) Балалармен бекіту: сұрақ-жауап
Балалар бүгін аюға жол ережесі мен бағдаршам туралы өз білімдерін айтып, оның қателігін түсініп, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйренуіне көмектеседі.
Сұрақтар:
- Бағдаршамды көшеде көрдіңдер ме?
- Бағдаршам қай жерде тұрады?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Көздерінің түсі мен пішіні қандай?
Қосымша талқылау:
- Жол ережесіне байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Осы көліктердің ішінде қайсысы бағдаршамның көмегімен жүреді?
- Көлік ішіндегі тәртіп ережелерін білесіңдер ме? Көлік ішінде не істеуге болмайды?