Сендер ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына барғыларың келеме

Оқу іс-әрекетінің сипаттамасы

Білім беру саласы

Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Драма

Тақырыбы

«Көкөністер дауы» (сахналау)

Нысана

Ересек топ

Мақсаты (білімділік)

  • Ертегінің мазмұнын түсіну, тілдік және дыбыстық мәдениетін жетілдіру.
  • Көкөністер туралы түсінік қалыптастыру, рөлдерді орындау қабілетін дамыту.
  • Диалогтік сөйлеуге дағдыландыру.
  • Көкөністердің адам денсаулығына пайдасы туралы білімін толықтыру.
  • Кейіпкерлердің ерекшеліктерін жеткізе білуге үйрету.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Балалардың өз бетінше ойлауын, ізденуін, қиялын дамыту.
  • Шығармашылық қабілетін шыңдау, әр кейіпкердің даралығын зерттеуге бағыттау.
  • Сахналау шеберлігін арттыру, театрландырылған әрекеттерді орындау дағдысын дамыту.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Достыққа, адалдыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу.
  • Жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру.
  • Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Технологиялық қамтамасыз ету

Медиа

  • «Күзгі ерекшеліктер» бейне көрінісі
  • Әли мен Айяның «Көкөністер» әні
  • Караоке: «Ертегілер» әні

Құрал-жабдықтар

  • Ғажайып сандықша
  • Сиқырлы таяқша
  • Көкөністер атрибуттары
  • «Сиқырлы бақша» және көкөністер салынған баннер

Билингвалды компонент

Қазақша
Орысша
Көкөністер
овощи
Қызанақ
помидор
Қияр
огурцы
Сәбіз
морковь
Картоп
картофель
Асқабақ
тыква
Пияз
лук
Қызылша
свекла

Ұйымдастыру кезеңі: «Күз» тақырыбына кіріспе

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар

Күз мезгілі.

Тәрбиеші

Күз мезгілінде неше ай бар? Бұл мезгілде қандай өзгерістер болады?

Балалар

  • Күн суыта бастайды.
  • Ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі.
  • Айнала алтындай сап-сары түске енеді.
  • Аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады.
  • Күн қысқарып, түн ұзарады, жылы киіне бастаймыз.
  • Егін жиналады.

Бейне көрініс

Күздің негізгі ерекшеліктерін «Күзгі ерекшеліктер» атты бейне көрініс арқылы тамашалау ұсынылады.

Медиа белгілеуі

Акт: «Күзгі ерекшеліктер»

Негізгі ұғымдар

Тәрбиеші

Күз бізге не сыйлайды?

Балалар

Көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар сыйлайды.

Тәрбиеші

Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Балалар

Көкөністерде дәрумендер көп. Оларды жиі жесек, денсаулығымыз нығайып, сирек ауырамыз.

Тәрбиеші

Көкөністер қайда өседі?

Балалар

Бақшада.

Сергіту сәті (ән)

Балаларға Әли мен Айяның «Көкөністер» әнін тыңдап, бірге сергіп алу ұсынылады.

Медиа белгілеуі

Әли мен Айя: «Көкөністер»

Ертегі әлеміне саяхат

Балалар бір дыбысты естіп, назар аударады. Ертегілер әлемінен қонаққа Сиқыршы келеді.

Сиқыршы

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына барғыларың келе ме? Ендеше, мен сиқырлы таяқшамнан сендерді сол бақшаға жеткізуін сұраймын. Қане, бәріміз көзімізді жұмайық.

Бір, екі, үш — бізді ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына жеткіз!

Караоке

Айгерім Қалаубаева: «Ертегілер»

Ғажайып сандықтың үш шарты

Ғажайып күзгі сандық ашылмай қояды. Сиқыршы оны ашу үшін үш шарт ұсынады.

1) Жұмбақ шешу

Сиқыршы көкөністер туралы жұмбақтар жасырады, балалар шешуін табады.

Нәтиже

Зейін, сөздік қор және логикалық ойлау белсендіріледі.

2) Күз туралы тақпақ

Балалар күз туралы тақпақ айтады (Айерке мен Мейрамбек).

Дағды

Көркем сөйлеу және сахна мәдениеті қалыптасады.

3) Күз туралы ән

Балалар «Күз жомарт» әнін орындайды. Шарт орындалған соң, сандық ашылады.

Нәтиже

Топтық бірлік пен эмоционалдық қатысу артады.

Сандық ашылғаннан кейін

Сандықтан «сиқырлы бақшаның» көкөністер атрибуттары шығады. Балалар «Көкөністер дауы» ертегісін сахналайды.

Сахналық қойылым: «Көкөністер дауы»

Көрініс 1: Бақшадағы береке

Бақшашы

Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: сәбіз, картоп, кәді, қып-қызыл піскен қызанақ, қырыққабатқа қарашы!

Жүргізуші (тәрбиеші)

Көкөністер бір кезде жиналып қалып, дауласа бастады.

Көрініс 2: Көкөністердің дауы

Көкөністер

Жиналыппыз бәріміз, қайсысымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Бұршақ

Кішкентай түймедеймін мен, ұнаймын мен бәріне. Дәмді тағамдармен сый жасаймын бәріне.

Қызылша

Мен де бір сөз айтайын, мақтанайын сіздерге: менсіз борщ болмайды, винегрет те үстелде.

Қырыққабат

Мақтанғаннан не пайда, менсіз дәмді щи қайда? Мені қоссақ самсаға, жейді бәрі тамсана.

Қияр

Дәмім тілді үйірген — мен тұздалған күйімде. Жаңа піскен кезімде жейді бәрі сүйсіне!

Қарбыз

Кім білмейді қарбызды? Талайлар маған таңғалды. Бәріне сый боламын — тауып көр менен дарханды!

Сәбіз

Кім бар сәбіз шырынын жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар кем болмайды күшке де!

Қызанақ

Піскен кезде қызанақ көз тартар қызыл түсімен. Бар ма адам сүйсінбей томат шырынын ішпеген?

Пияз

Боламын мен дәмдеуіш, барлық тағамға. Көкөністер ішінен мен пайдалы адамға.

Картоп

Мен ұялшақ картоппын, мен емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді үлкендер мен балалар! Бос айтысты қояйық, даулаcуды тоқтатайық.

Көкөністер

Жиналыппыз бәріміз, қайсысымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Қорытынды ой

Жүргізуші (тәрбиеші)

Көкөністердің бәрі де денсаулыққа пайдалы. Мұны жадыңда сақта: оларды жақсы көріп, жиі тұтын!

Финал

Қойылым «Көкөністер» биімен аяқталады. Тәрбиеші сахналық қойылымға қатысқан балаларды көрермендерге таныстырып, мадақтайды.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші

Уразалина Гүлбану Насырқызы