Гүл салынған ваза
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Шығармашылық
Бөлімі
Жапсыру
Сабақтың тақырыбы
Гүл салынған ваза
Мақсаты
- Қағазды бірнеше рет бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру.
- Затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
- Қол бұлшықеттерін дамыту, математикалық ұғымдарды бекіту.
- Сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Үлестірмелі материалдар
- Қайшы
- Желім
Көрнекіліктер
- Құмырадағы гүл
- Әже (қуыршақ)
Тілдік материал
Сөздік жұмыс
Күлте
Билингвальды компонент
- гүл
- цветок
- құмыра
- ваза
Сабақтың барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
«Тілек шоғы» (жылулық шеңбері)
- Педагог әр балаға бір гүлден таратады.
- Педагог өз қолындағы гүлді жақсы тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады.
- Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, соңында педагогке қайта оралады.
Мағынасы: кім жақсы тілек айтса, сол тілек жақсылық болып өзіне қайтады.
2) Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі
Педагог балалардың гүл туралы түсінігін суреттер көрсету арқылы кеңейтеді.
Тосын сәт
Педагог: «Балалар, біреу есік қағып тұр. Кім келді екен?»
Қолында гүлі бар әже кіреді.
Әжей: «Бүгін менің немерем Әселдің туған күні».
Педагог әжей әкелген гүл шоғын құмыраға орналастырады да: «Енді біздің балалардың өнерін көріңіз»,— дейді.
Балаларға тапсырма: Әселге арнап құмырадағы гүлді жапсырып дайындау.
Билингвальды компонент
- гүл
- цветок
- құмыра
- ваза
Нұсқаулық
26-бет, 10-үлгі бойынша жұмыс. Құмырадағы гүлді мұқият қарап, пішіні мен бөліктерін талқылау.
Жұмыс барысы
- 1 Педагог қағаздан гүл бөлшектерін қию тәсілін көрсетіп түсіндіреді.
- 2 Алдымен үш гүлдің күлтелерін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін (сабағы, жапырағы, құмыра) дайындаймыз.
- 3 Дайын бөлшектерді үлгіге қарап, ретімен жапсырамыз.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
Педагог: «Міне, балалар, гүлдің бөліктерін қиып алдық. Енді жапсыруға кірісейік».
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі: әр баланың жұмысын бақылап, қауіпсіздік пен ұқыптылыққа назар аударылады.
Математикалық бекіту (санату)
Құмырада неше гүл бар?
Күлтелерін санап көрейік.
Сабақтарын санайық.
Жапырағы нешеу?
Қорытынды
Балалар «Гүл салынған ваза» тақырыбында аппликация жасап, қағазды бүктеп қию әдісін қолданады. Жұмыс барысында ұқыптылық, әсемдікке талғам және санау дағдылары бекітіледі.