Қаңқаның бөліктері
Сабақтың барысы
Бұл сабақта оқушылар қаңқаның адам ағзасындағы рөлін түсінеді: денені тік ұстап тұру, қозғалысты қамтамасыз ету және ішкі мүшелерді қорғау. Жұмыс түрлері мәтінмен, бейнематериалмен, тәжірибелік қимыл-қозғалыспен және тапсырмалармен толықтырылады.
Сабақтың басы (ұжымдық жұмыс)
Психологиялық ахуал
Күн! Мен сенен жылу аламын,
Жүрегіме саламын,
Достарыма сыйлаймын —
Сәттілік тілеймін!
Ой қозғау
- Тақтадағы киіз үй суретіне назар аударамыз: киіз үйге қаңқа не үшін керек? (Үйдің пішінін құрайды, оған тірек болады.)
- Адам денесінде осындай қызметті не атқарады? (Қаңқа денені ұстап тұрады және ішкі мүшелерді қорғауға көмектеседі.)
- Қаңқаны қайдан көрдіңдер? (Кино, теледидар, кітап, мұражай.)
Сабақтың тақырыбына шығу үшін тақтада адам қаңқасының суреті көрсетіліп, негізгі бөліктерімен қысқаша таныстырылады.
Сабақтың ортасы
Мәтінмен жұмыс
Қаңқа туралы мәтінді алдымен іштей оқып, кейін дауыстап оқимыз. Мазмұнын талқылаймыз.
Бейнематериал
Қаңқаның құрылысы мен қызметіне байланысты қысқа видео көрсетіледі.
Топтық жұмыс: мозайка құрастыру
Әр топқа мозайка беріледі. Дайын суретке қарап, дене бөліктерін атап шығады.
- Адам денесінің негізгі бөліктері: бас, кеуде, аяқ-қол.
- Қол бөліктері: иық, шынтақ, білек.
- Аяқ бөліктері: жамбас, тізе, балтыр, табан.
Бақылау және тәжірибелік әрекет
- Оқушылар саусақтарын, басын, шынтағын ұстап көреді: ішінде қатты негіз (сүйек) барын байқайды.
- Бас сүйекке назар аударамыз: неге қатты? — себебі миды қорғайды.
- Омыртқа, кеуде және қабырғалар бірігіп кеуде қуысын құрайды және маңызды мүшелерді қорғайды.
- Омыртқалардың байланысуы қозғалысқа көмектеседі: кеудені қозғалту, еңкею, иілу.
- Буындардың қызметін тексеру: шынтақ пен иықты, тізені қозғалту; денені айналдыру және еңкею.
Дене қалпы (ұжымдық талқылау)
- Суреттерді салыстырамыз: қай суреттегі бала дұрыс дене қалпын сақтаған?
- Дұрыс отыру ережесі көрсетіледі және қысқа видео ұсынылады.
Ойлан: қаңқа сүйектері өсе ме? (Иә, сүйектер бала кезде өседі және нығаяды.)
Жеке жұмыс (жұмыс дәптері)
Қаңқаның бөліктері
Оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің атауларын дәптерлеріне көшіріп жазады: бас сүйегі, омыртқа, қабырғалар, жауырындар, бұғана сүйектері, жамбас, аяқ-қол сүйектері.
Қаңқаның қызметі
Бос орындарға қажетті сөздерді қойып, мәтінді толықтырады:
Адамның басының қалпын бас сүйегі береді. Қабырғалар, кеуде және омыртқа кеуде қуысын құрайды. Ал аяқтар мен қолдардың сүйектері олардың қалпын құрайды. Оларды аяқ және қол сүйектері деп атайды.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Дене бітімі
Оқушылар дұрыс дене қалпын көрсететін суреттерді ғана бояйды: 2, 5, 6.
Жұппен жұмыс
Жұппен отырып, денені дұрыс ұстау қалпын зерттейді: партада отыру, арқаны тік ұстау, дәптер мен көз арақашықтығын сақтау.
Ақпарат
- Білім беру ұйымы
- №25 жалпы орта білім беру мектебі
- Мұғалім
- Есимова Д. Б.
Материал: «Қаңқа құпиялары».