Тіршілік тірегі - табиғат
Кіріспе: Табиғат — ортақ қазына
«Табиғат», «Жер-Ана», «Отан», «Туған жер», «Атамекен» — жүрекке жақын, қасиетті ұғымдар. Жер-Ананы сүйіп, оны қорғау — адамзаттың ең маңызды міндеттерінің бірі. Табиғаттың сырын сезініп, оның үнін ести алу үшін алдымен оған құрметпен қарауды үйрену қажет.
І бөлім: «Табиғатпен тілдесу»
Табиғат — тіршіліктің тірегі. Оны түсіну үшін бақылау, тыңдау, сезіну керек. Бұл бөлімде оқушылар табиғат туралы шығармашылық ойларымен бөліседі.
- Ұлдана
- Назым
- Айсана
- Сымбат
- Жанатбек
ІІ бөлім: «Көгілдір қазына» — су
«Су бар жерде — өмір бар» деген сөз бекер айтылмаған. Өзен-көлдер — берекенің бастауы, көңілге нұр, жүрекке жыр сыйлайтын қазына.
Талқылауға сұрақтар
- Су туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Суға арналған қандай өлең шумақтарын айта аласыңдар?
Өлең оқитын оқушылар: Рамазан, Жансая, Роза.
ІІІ бөлім: «Күн райын бақыла» — халық болжамдары
Бұрын ата-бабамыз табиғат құбылыстарына қарап ауа райын болжаған. Бұл білім шаруаны алдын ала жоспарлауға көмектескен. Төмендегі мысалдар сол тәжірибенің үзінділері.
1. Шырыны ақ қайыңның көк түске енсе, жауын жауады.
2. Құстардың үні тынса, күн күркірейді.
3. Ұлу шөп сабағымен жоғары өрмелесе, аптап ыстық болады.
4. Ақ тиін жаңғақты көп жинаса, қыс ұзақ әрі суық болады.
5. Мысық жерді осқылап тырналаса, қыста бұрқасын күшейеді.
Осындай белгілерге сүйене отырып, ата-бабаларымыз күн райын ертерек болжап, тіршілігін соған сай қамдаған.
IV бөлім: «Жасыл желек — дауа»
Жер-Ананы жасыл етіп сақтау үшін көгалдандырудың маңызы ерекше. Жасыл желек ауаны тазартады: зиянды көмірқышқыл газын сіңіріп, адамға пайдалы оттегін бөледі.
Көгалдандыру
15%
Шаң-тозаң шамамен 20%-ға азаяды.
Көшет отырғызу
35%
Шаң-тозаң шамамен 50%-ға кемиді.
Жасыл аумақ
65%
Шаң-тозаң 95%-ға дейін жойылады.
Жасыл желектің қосымша пайдасы
- Тал-терек табиғи «кондиционер» сияқты: ыстықта сая, салқын береді.
- Үй маңындағы бау-бақ жылуды ұзақ сақтауға көмектесіп, жел мен бораннан қорғайды.
- Құстарға мекен болып, табиғи әуен мен тыныштық сыйлайды.
- Ормандар көмірқышқыл газының әсерін азайтып, ауа сапасын жақсартады.
- Көшет отырғызу — келер ұрпаққа қалатын өмірлік азық, игі іс.
V бөлім: Ой қозғау — бүгінгі экологиялық жауапкершілік
Бүгінгі таңда адамзаттың алдындағы ең өзекті мәселе — қоршаған ортаны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп жеткізу. Себебі, тіршіліктің бәрі сыртқы ортамен тығыз байланысты.
Табиғатқа түсіп отырған ауыртпалық тым күшейсе, оны қорғауға уақытылы көңіл бөлінбеген жағдайда, соңы апатқа әкелуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластануы халық денсаулығы мен еңбек қабілетіне қауіп төндіреді.
Экологиялық өзекті аймақтар
- Арал өңірі
- Семей полигоны
- Байқоңыр ғарыш айлағы
Қауіп көздері
- Үлкен өндіріс орталықтарынан шығатын зиянды заттар
- Ауа, су, топырақ ластануы
- Ресурстарды шамадан тыс пайдалану
Қорытынды: Жер-Ананы қалай қорғаймыз?
Бүгінгі ой түйініміз — табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады. Жер-Ананың тазалығы мен байлығын сақтау үшін төмендегі әрекеттерді күнделікті әдетке айналдыру маңызды.
-
1
Жерімізді таза ұстайық: қоқысты ретімен жинап, сұрыптайық.
-
2
Көгалдандырайық: ағаш отырғызып, жасыл аумақты көбейтейік.
-
3
Жер-Ананы сүйіп, аялауды өмірлік ұстанымға айналдырайық.
-
4
Табиғи байлықты орнымен пайдаланып, ысырапқа жол бермейік.
-
5
Ауаны ластанудан қорғайық: түтін мен зиянды қалдықты азайтайық.
Ел мен жер, көгілдір орман мен мөлдір көл, байтақ дала мен асқақ тау — біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа — ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан мол қазына. Осы қазынаны көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсау — бәріміздің ортақ міндетіміз.
— Ыбырай Жақаевтың ойымен түйін
Сау болыңыздар!