Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып

4-сынып

Тақырып

«Жиырма сегіз» (презентациямен)

Жалпы мақсат

Оқушылардың жан-жақты ойлауын дамыту, ізденіске жетелеу және ой-өрісін кеңейту.

Міндеттер

  1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
  2. Өлең оқуға деген ықыласын арттыру, зейінін дамыту.
  3. Мәнерлеп оқуға, қатесіз жазуға дағдыландыру; үлкендермен сыпайы сөйлесуге және кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Мұғалім үшін күтілетін оқу нәтижелері

Топтық жұмыс арқылы меңгерту

Оқушылардың топтасып жұмыс істеуі арқылы тақырыпты терең түсінуіне жағдай жасау.

Өзін-өзі бағалау

Оқушыларды өзін-өзі бағалауға дағдыландыру.

Өзара бағалау

Оқушылардың өзін және достарын бағалауына мүмкіндік беру.

Сабақта туындайтын негізгі идеялар

  • Оқушының өмірлік тәжірибесіне, бұрынғы біліміне сүйену.
  • Жаңа теориялық ақпарат арқылы жаңа ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • «Жиырма сегіз» жауынгерлері туралы алғашқы түсінік пен білімнің негізін қалау.
  • Жаңа білімнің өмірмен байланысын көрсетіп, оны қолдану мүмкіндіктеріне қызығушылық тудыру.

Сабақ барысы: кезеңдер және әрекеттер

Ұйымдастыру кезеңі (0,5 минут)

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу.

СТО сұрақтары (ой қозғау)

  • Сабақтың маңыздылығы неде?
  • Оқушылар бүгін не алады?
  • Бұрынғы білімін қалай қолдана алады?
  • Өмірлік тәжірибесінің әсері қандай?
  • Бұл сабақтың болашақта қандай пайдасы бар?

Мақсат: оқушыларды ойландырып, тақырыпқа жақындату; олардың тақырып жайлы бұрыннан білетіндерін анықтап, соған сүйену.

I. Қызығушылықты ояту

«Автор орындығы»

Тақырып: «Егер алтын балық ұстап алсам…» (шығарма жазу).

Мұғалімнің әрекеті

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алып аспан күркіреп,
Ақ жауынды сіркіреп,
Мамыр келді, алдынан
Гүлдер шықты дүркіреп.

Көк майсасы үлпілдеп,
Бұлақтары бүлкілдеп,
Мамыр келді, тұр, әне,
Мен сияқты Күн: «Күл!» — деп.

Сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік

  • Еркін ойлауға жағдай жасау.
  • Өздігінен ізденуге бағыт беру.
  • Алдағы қадамға қызықтыру, белсенділікті ояту.
  • Білімнің пайдалы екенін дәлелдету.
  • Ақпаратты жүйелеуге үйрету.

Ой қозғау

Сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу.

Сергіту сәті

«Сарбаздар әні».

Пікір жинақтау

Оқушылардың ойын тыңдап, тақтаға/флипчартқа тіркеу.

II. Мағынаны тану (жаңа ақпарат)

Оқулықпен жұмыс

  • Оқушыларды белсенді қатыстыру.
  • Стратегияларды жүйелі қолдану: сауал қою, талдау, баяндау, пікірталас, сын айта білу.
  • Бірлескен жұмыс және тиімді қарым-қатынас орнату.
  • Оқулықтан бөлек ақпарат көздерін қолдануға жол ашу.

Ой толғау

Пікір айту және қорытынды ойды тұжырымдау.

Ән

«Жас қазақ» (тыңдау/орындау).

Топтық тапсырма (3 минут)

Шағын топта талқылау: қағаз бетіне ескерткіштің суретін салу, ойды топтастырып көрсету.

Бейнематериал және қорғау

Бейнетаспадан көрініс көрсету. Әр топ флипчартты ұстап тұрып, өз жұмысын қорғайды.

Тапсырма: «Рамазан Елебаев кім?»

Кластер құру: топта талқылап, флипчартқа негізгі деректер мен ойларды түсіру.

Сыныпта қорғау

Топтардың жұмыстарын тыңдау, сұрақ қою, нақтылау, толықтыру.

III. Қорытынды және рефлексия

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз не туралы өттік?
  • Сабақтың тақырыбы қандай болды?

Оқушылардың ойын тыңдап, сыныппен бірге талқылау арқылы тақырыпты нақтылау.

Ойтолғау

  • «Жиырма сегіз батырды» неліктен солай атайды? Неге ұқсатады?
  • Оларға арналған ескерткіш қай қалада орнатылған?
  • «Жиырма сегіз батырдың» ішінде кімдер бар?

Әр оқушы өз ойын қағаз бетіне түсіреді.

Тарихи-мәтіндік нақтылау

«Бұл өлеңді кім, қай уақытта жазған?» сұрағы бойынша қысқа талқылау жүргізу.

Бағалау (3 минут)

Бағалау түрлері

  • Өзін-өзі бағалау
  • Топтың өзін-өзі бағалауы
  • Өзара бағалау
  • Мұғалімнің бағалауы
  • Критерийлер арқылы бағалау

Құрал

Өзін-өзі және достарын бағалау парағы арқылы қорытынды баға шығару.