Сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салу

Көкшетау қаласы • 2013

Қалалық семинар: «Өзін-өзі тану» пәні — адамгершілік-рухани даму негізі

Сабақ

«Күн шуағым — отбасым» (9-сынып)

Пән мұғалімі

Самбаева Алмагүл Қадырбайқызы

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың отбасы туралы түсінігін кеңейту, отбасының адам өміріндегі құндылығын сезіндіру.

Міндеттері

  • Отбасының адам үшін маңызын жан-жақты ашу.
  • Отбасындағы жарастық пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың дамуына ықпал ету.
  • Сүйіспеншілікке, құрметке және мейірімге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

Слайд 3

Баяу әуен аясында сүйіспеншілік ұғымының отбасыдан басталатынын ой елегінен өткіземіз. «Отбасы» дегенде ең алдымен ойымызға қандай сөз келетіні туралы қысқа пікір алмасып, шаттық шеңберін құрамыз.

Ойланайық, пікірлесейік

Слайд 4
  1. «Отбасы жарастығы», «отбасы бақыты», «отбасы қуанышы» ұғымдарын қалай түсінесің?
  2. «Маған мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» деген сұрақты өзіңе қойып көрдің бе?
  3. «Аялау», «қадірлеу», «қадірін білу» сөздерінің мәні қандай?
  4. Ата-анаңа сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?
  5. «Ана», «әке» деген сөздер сенде қандай сезім тудырады?

Мәтінмен жұмыс

Слайд 5

Оқулықтағы «Мен оны пір тұтамын» мәтіні талданып, тақтадағы үзінділерге назар аударылады. Сұрақтар арқылы ой қорытындысы жасалады.

  1. Мұраттың отбасы басына түскен қиындықты жеңуіне не себеп болды?
  2. Жақсы отбасы, адал жар болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?

Тыныштық сәті

Слайд 6

«Ана мен сәби» әні баяу ойнап тұрады. Көзімізді жұмып, таза әрі жайлы ауланы елестетеміз. Әсем жол бізді үлкен үйге бастайды. Үй иесінің ықыласпен отырғызған гүлдеріне көз тастаймыз. Баспалдақпен көтеріліп, үйге кіреміз: жаңа піскен нан мен хош иісті шайдың иісі аңқиды.

Талқылау:

  • Саған бұл үй ұнады ма?
  • Егер ұнаса, осы үйдің жылуын қалай арттыра аламыз?

Сұрақ

Отбасында сен қандай шаруаларды атқарасың?

Сұрақ

Үйде дүкенге кім барғаны дұрыс деп ойлайсың?

Сұрақ

Ас пісіру мен кір жууды тек әйелдің ісі деуге келісесің бе? Неге?

«Отбасы» ұғымында ошақтың, жылудың, үй ішіндегі берекенің символдық мәні бар екенін сезінеміз. «Ошағымыздың түтіні түзу болсын» деген тілек — татулық пен бірліктің белгісі.

«Бұлт» метафорасы арқылы ойлану

Шаңырақтың үстінде кейде бұлт үйірілуі мүмкін. Оған қандай іс-әрекеттер себеп болады? Бұлтты «қуып жіберу» үшін оның артындағы ұғымдарды талдаймыз:

жалқаулық қаталдық өтірік айту және т.б.

«Күн шуақтары» — жылуды арттыратын сұрақтар

  1. Отбасы тәрбиесіне ата-анаңның қайсысы көбірек көңіл бөледі?
  2. Қиын жағдайда бірінші болып кімнен көмек сұрайсың?
  3. Қателік жібергенде өзіңді қалай сезінесің?
  4. Өзіңді ата-анаңның қайсысына көбірек ұқсаймын деп ойлайсың?
  5. Отбасында сен қандай аға, іні, қарындас немесе әпкесің?
  6. Ата-анаң сені қалай, қандай сөздермен еркелетеді?
  7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше?
  8. Құрбың ата-анасын ренжітіп қойса, қандай ақыл айтар едің?

Дәйексөз

Слайд 7

Қанатты сөз

«Отбасы өнегесі — Отан өнегесі»

Ойды тереңдету үшін қанатты сөздердің мәніне назар аударылады.

Жағдаятты талдау

Слайд 8

Өкінішке қарай, адам мәңгі өмір сүрмейді. «Жетімдік» тек балаға ғана тән құбылыс емес — кейде қарттар да жалғыздықты сезінеді. Осы ойды түсіну үшін «Қарттар үйі» және «Жетімдер» тақырыптарындағы фильм үзінділері қарастырылады.

Сұрақтар

Слайд 9
  1. Бұл фильмдер сендерде қандай сезім тудырды?
  2. Екі фильмнің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма?

Түйін

Адамға ең қымбат — отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік орнығады. Бірлік бар жерде — берік отбасы бар.

Бала ата-анаға қаншалықты ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат. Осыны естен шығармай, ең алдымен ардақты ата-ананы қадірлеу — адамдық борыш.

Слайд 10

Ата-аналардың ақ тілектері тыңдалады (оқушылардың ата-аналарының сөзі).

Қорытынды және рефлексия

«Біздің сыныбымыз — бір отбасы»

Сынып та — бір шағын орта, бірлік пен өзара қолдау қалыптасатын кеңістік. «Отбасының бақыты дегеніміз…» тақырыбында ой бөлісіліп, ортақ түсінік жасалады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: оқушылардың бүгінгі әрекеттері олардың тату, берекелі ортадан шыққанын аңғартты. Отбасы — қуанышы мен бақыты бар «шағын мемлекет».

«Сандықша» ойыны және «Жүректен жүрекке»

Мұғалім сандықшадан айна ұсынады: оқушы айнаға қарап, бақыттың сырттан емес, өз жүрегінен басталатынын, отбасының берекесіне әркімнің өз үлесі бар екенін ұғынады.

Слайд 12

Оқушылар бір-біріне және отбасына арналған ақ тілектерін айтады.