Мұхтар ШахановЖелтоқсан алаңыСәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер

Мұхтар Шаханов

Желтоқсан алаңы
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады....
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.



Ұқсас жұмыстар

М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі
Қазіргі қазақ поэзиясы
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
ҚAЗAҚ ПOЭЗИЯCЫНДAҒЫ МӘҢГІЛІК ЕЛ ТAҚЫРЫБЫНЫҢ ЖЫРЛAНУЫ
Елордасы – Астана
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
Қазақ елі Орыс мемлекетінің губернияларының құрамына енді
Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ туралы
КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Мұхтар Әуезов
Он бес одақтас мемлекетке ортақ мерейтой болған Ұлы Жеңіске биыл 72 жыл толғанымен, бұл мерекенің тойланып келе жатқанына 55 жыл
Кенет клоун тасты бұлғап - бұлғап тұрып адамдарға қарай лақтырып жібергені
Есім хан қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 - жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Сыныпқа орта бойлы, дембелше денелі, сәнді киінген қара торы жігіт кіріп келгенде, оқушылар бұл кім еді