Сабаққа назарын аудару

Сабақтың тақырыбы

Қосу және азайту амалдарын тиянақтау

Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты

  • Қосу және азайту амалдары бойынша білімін кеңейту.
  • Өрнектерді дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру.
  • Өткен материалдарды жүйелі түрде қайталап, білімді тиянақтау.
  • Пәнаралық байланыс арқылы жалпы оқу дағдыларын дамыту.

Дамытушылығы

  • «Математика еліне саяхат» арқылы ойлау қабілеті мен шығармашылықты дамыту.
  • Ақыл-ой белсенділігін, ой-өрісін кеңейту.
  • Тіл байлығы мен сөздік қорын жетілдіру.
  • Ізденімпаздыққа баулып, пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

Тәрбиелігі

  • Ойын толық әрі дұрыс жеткізуге тәрбиелеу.
  • Тапқырлық пен жылдамдықты шыңдау.
  • Достық қарым-қатынас пен ұжымдық іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, құрастыру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, көрнекілікпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Саяхатқа арналған көліктер
  • Бәйтерек макеті/бейнесі
  • Карточкалар
  • Үнтаспа
  • Сергіту сәті материалдары

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. 2.Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
  3. 3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту

Білімнің тұңғиығын бойлайтын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтын.
Ғылымдар патшасы — дараланған,
Математика — қызығына тоймайтын.

Бүгінгі сабақта білім теңізінде жүзе отырып, Астана қаласына саяхат жасаймыз. Әсем қалаға жетіп, Бәйтерек басына көтерілу үшін жолдағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек.

Сайыс сабағының идеясы

Бұл — сайыс түріндегі сабақ. Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын ат жарыс, өгіз жарыс, құнан жарыс, жаяу жарыс, тай жарыс сияқты жарыстар өтсе, бүгінде ХХІ ғасырда ғылым мен техника дамыған заманда біз «машина» мен «ұшақпен» жарысамыз.

Еске салу:

«Есептеуді білмейтін адам — түк білмейтін надан».

Ұйымдастыру: топқа бөлу және әділқазылар

Сабақ сайыс форматында өтетіндіктен, оқушылар екі топқа бөлінеді. Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасы сайланады.

Елбасымыз Жолдауында: «Еліміздің болашағы — сапалы білім алған жас ұрпақта» деген. Демек, бүгін алған білімімізді жан-жақты әрі сапалы түрде көрсетуге тырысайық.

Шақырамын, келіңдер сайысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар білімді салайық ортамызға,
Ал, қане, кім шығады сайысуға?

Топтардың таныстыруы

«Алға» тобы

Біз «Алға» тобымыз,
Алға қарай самғаймыз.
Біз білеміз бәрін де,
«Екілікті» алмаймыз.

«Талап» тобы

Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты.
«Талап» атты топтың
Білімі де көптің.

Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.

Сайыс бөлімдері (үзінді)

«Алға» тобына — 1-бөлім: Үй жұмысы

10 − 2 = 8 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы сандардан 2-ні азайтуға болады?

Мысалдар
10 − 2 = 8
20 − 2 = 18
30 − 2 = 28
40 − 2 = 38
50 − 2 = 48
60 − 2 = 58
70 − 2 = 68
80 − 2 = 78
90 − 2 = 88

«Талап» тобына — 1-бөлім: Үй жұмысы

10 − 8 = 2 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы сандардан 8-ді азайтуға болады?

Тапсырма: үлгі бойынша жалғастырып жазыңдар (мысалы, 20 − 8, 30 − 8, т.б.).