Шық етерде Ойын шарты

Ұйымдастыру кезеңі: мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт: Тазша бала балалардың алдына кіріп, амандасады және бүгін ерекше ойын әкелгенін айтады.

Тазша баланың сөзі

— Ассалаумағалейкум, балалар!

— Мен сендерге бүгін қызықты ойын әкелдім. Ойнағыларың келе ме?

— Менің қоржынымда не бар екенін білесіңдер ме? Қазір сендерге жұмбақ жасырамын. Шешімі — қоржындағы зат.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Жұмбақ

Ренжісе бүк түседі,

Қуанса шік түседі.

Басқаратын барлығын

Алтын сақа деседі.

— Бұл не?

— Бұл асық.

Асық туралы қысқаша мәлімет

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Асық — ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынатын жұмыр сүйек.

Иіргенде түскен қалпына қарай асық алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Ал атуға арналған, қорғасын құйылып жасалған түрі сақа деп аталады.

Асық ойыны мергендікке, ептілікке баулиды, аяқ-қол қимылын дамытып, жалпы денсаулыққа пайдалы әсер етеді.

Бүгінгі ойындар

«Ханталапай»

Балалар шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші ортаға асықтарды шашады да, ойынға шақырады:

«Ханталапай ау, ханталапай, ортаға келіңдер, балақай!»

«Шық етерде»

Түзу сызық бойына қатар тігілген асықтарды алыстан кезектесіп атады. Реттілік — асық санына қарай сақталады.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Қанша асық жинадың?

Балалар қолындағы асық санын анықтайды. Тәрбиеші 2, 3, 5 саны жазылған белгілерді көрсетіп, балаларды өзіндегі асық санына сай алға шығуға шақырады.

  • Сан

    2

  • Сан

    3

  • Сан

    5

2-тапсырма: Дидактикалық ойын «Жұбыңды тап»

Ойын шарты: сан құрамына қарай жұптасу. Балалар өзіндегі асық санына сәйкес жұбын табады.

3-тапсырма: «Шық етерде» ойыны

Ойын шарты: түзулей тігілген асықтарды алыстан кезектесіп ату. Балалар асық санына қарай реттілікпен тұрады.

Санау қатары

  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10

Қосымша: кері санау (10-нан 1-ге дейін).

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Сұрақ-жауап

  • Бүгін қандай ойын ойнадық?
  • Асық түсуіне қарай қалай аталады?

Шығармашылық тапсырма: геометриялық пішін құрастыр

Балалар қолдарындағы асықтардың түсіне қарай геометриялық пішін құрастырады:

  • Көк

    Шаршы

  • Қызыл

    Үшбұрыш

  • Сары

    Дөңгелек

Күтілетін нәтиже

Біледі

Тура және кері санайды; затты санға сәйкес табады.

Игерді

Сан құрамын анықтайды және қолданады.

Меңгерді

«Ханталапай», «Шық етерде» ұлттық асық ойындарын ойнау дағдыларын.

Автор туралы

Оразова Лаззат Қабыловна

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

КМҚК «Гүлдәурен» ясли-бақшасының тәрбиешісі

Қосымша: толық нұсқасын жүктеу.