Тайга зонасы
Маңғыстау облысы • Мұнайлы ауданы • №11 орта мектеп
География пәні мұғалімі: Толегенова Жазира
Сабақ тақырыбы
Еуразияның табиғат зоналары
Білімділік
Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру; олардың ерекшеліктері мен маңызын түсіндіру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуді қолдау, картамен жұмыс дағдыларын жандандыру және есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Басқа елдердің табиғатымен таныса отырып, өз елінің табиғатын сүюге, аялауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу; экологиялық білім арқылы мәдениетті қалыптастыру.
Әдістемелік жабдықталуы
- Карта
- Атлас карталар
- Оқулық
- Кескін карталар
- Карточкалар
- Суреттер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу жүргізу және оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
(әдісі: сұрақ-жауап)- 1) Ішкі суға нелер жатады?
- 2) Материк өзендері қандай бассейндерге жатады?
- 3) Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендерді ата.
- 4) Тынық мұхиты бассейніне жататын өзендерді ата.
- 5) Үнді мұхиты бассейніне қандай өзендер жатады?
- 6) Ішкі ағындар территориясына қандай өзендер жатады?
- 7) Бенгал шығанағына құяр тұста ұлан-байтақ атырау түзетін өзен қайсы?
- 8) Гималай тауынан бастау алатын өзен қайсы?
Қайталау: белдеулер мен зоналар
Еуразияның арктикалық, субарктикалық және қоңыржай белдеулеріндегі табиғат зоналарын еске түсіру:
Белсенді әдіс: «Доп лақтыру»
Оқушылар шеңбер құрып, доп лақтыру ойыны арқылы Еуразия материгінің ерекшеліктерін кезекпен атайды.
III. Жаңа білім беру
Тақырыпқа кіріспе
Бүгін біз жаңа тақырыпты меңгереміз: Еуразияның табиғат зоналары.
Негізгі ұғым: табиғат зонасы
Табиғат зонасы — белгілі бір климат жағдайына сәйкес қалыптасқан топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесінің тұтас табиғи кешені.
Еуразиядағы зоналардың таралу заңдылығы
Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап тайга зонасына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатады. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.
Материктің басты ерекшелігі
Еуразия материгі табиғат зоналарының алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда табиғат зоналарының негізгі белгілерінің барлығы кездеседі:
- Экваторлық
- Тропиктік
- Субтропиктік
- Қоңыржай
- Субарктикалық
- Арктикалық