Сұлушаш образы шығарма жазу

Қазақ әдебиеті · 11-сынып

Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы бойынша сабақ жоспары

Бұл сабақта Сәбит Мұқановтың поэмалары туралы түсінік беріледі, «Сұлушаш» поэмасының мазмұны мен идеясы талданып, оқушылардың шығармашылық және танымдық дағдылары дамытылады.

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: С. Мұқанов поэмалары туралы түсінік қалыптастырып, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнын меңгерту.
  • Дамытушылық: ой-өрісті кеңейту, шығармашылық қабілетті, есте сақтау мен тіл байлығын дамыту, өзіндік жұмысқа дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: поэма мазмұны арқылы адамгершілікке, адалдыққа, шынайылыққа және рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсат-міндеттермен таныстыру, топқа бөлу (қажет болса).

2) Әдеби сынақ хат (үй тапсырмасын тексеру)

Интерактивті тақта арқылы қысқа сұрақ-жауап форматында өткен тақырыпты қайталау.

1. С. Мұқанов 1900–1973 жылдары өмір сүрді.

2. 1922 жылы Орынбор қаласында жұмысшы факультетінде оқыды.

3. 1926–1928 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде жұмыс істеді.

4. Кейін Ленинград университетінде, одан соң Мәскеудегі Қызыл профессура институтында оқыды.

5. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарды.

6. Осы кезеңдегі ірі туындылары: «Ботагөз», «Менің мектептерім» романдары, «Колхозды ауыл осындай».

7. 1950 жылы «Сырдария» романын, «Ш. Уәлиханов» пьесасын жазды.

3) Жаңа білімді меңгерту

Сәбит Мұқанов лирикалық өлеңдермен қатар көптеген поэмалар жазған. Поэма жанрында ақын өмір құбылыстарын кең қамтып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дәуірге сай өзекті ойды жеткізеді.

С. Мұқановтың поэмалары 1925–1928 жылдары жарық көре бастады. 1928 жылы жазылған «Сұлушаш» поэмасында ескі қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздің көрген қорлығы, әсіресе адамның бас бостандығының шектелуі бейнеленеді.

Поэмада Алтай мен Сұлушаштың сүйіспеншілігі жырланады. Алайда феодалдық қатігез күш олардың сезімін аяққа таптап, екі жасты қуғын-сүргінге ұшыратады. Соңы трагедиямен аяқталып, қос ғашық азап ішінде қаза табады.

«Сұлушаш» — реалистік әрі сюжеттік шығарма.

4) Оқулықпен жұмыс: негізгісін түйіп алу

Әр топ бөлімдер бойынша мәтінді оқиды, негізгі ойларын дәптерге түсіреді және топ атынан мазмұнын қысқаша баяндайды.

Тапсырма

Негізгі ойды 5–7 сөйлеммен түйіндеу.

Нәтиже

Топтық баяндау және дәлелді пікір айту.

5) «Талдау — табыс кілті» (ұжымдық жұмыс)

Әр топқа талдауға арналған мәселелік тапсырмалар беріледі:

  1. 1 Тілеуберді байдың қызын Алтайға беруге қарсы болуына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
  2. 2 Қыз тағдырын үлкендердің атастыруы туралы пікірталас ұйымдастырыңыз.

6) «Қазымыр топ» (сұрақ құрастыру)

Әр топ бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар дайындап, келесі топқа қояды. Мақсат — мазмұнды терең түсіну және дәлелмен жауап беру.

7) «Жасырын сан» (жеке жұмыс)

Интерактивті тақтада әр санның артында сұрақ жасырылған. Оқушы санды таңдап, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап ұпай ретінде есептеледі.

Сұрақтар

  • 1. С. Мұқанов қай жерде туған?
  • 2. С. Мұқановтың өлеңдерін атаңыз.
  • 3. С. Мұқанов қандай қызметтер атқарды?
  • 4. С. Мұқановтың прозалық туындыларын атаңыз.
  • 5. «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы мен идеясы қандай?
  • 6. Сұлушаш пен Алтай трагедиясының басты себебі неде?
  • 7. «Сұлушаштың» реалистік шығарма екенін дәлелдеңіз.
  • 8. «Сұлушаш» поэмасының маңызы неде?

8) Қорытынды

Оқушылар кейіпкерлерге мінездеме береді, поэманың идеялық мазмұны бойынша түйін жасайды.

9) Үй тапсырмасы

Жазба жұмыс: «Сұлушаш» бейнесі туралы шығарма жазу.

Көркем тіл, дәлел және мәтіннен мысал келтіру талап етіледі.

Мәлімет

Мекеме: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Айдабол орта мектебі

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқытушы: Махатова Зарина Дулатовна