Ұйымдастыру кезең

Қазақ тілі • 4-сынып

Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім

Бұл сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдері еске түсіріледі. Оқушылар сөйлемнен сан есімді табуға, оларды бір-бірінен ажыратуға және сан есімге қатысты жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты

  • Сан есім туралы білімді сұрақ-жауап арқылы қайта жаңғырту.
  • Сөйлем ішінен сан есімді табу және дара мен күрделі сан есімді ажырату білігін дамыту.
  • Өз бетінше жұмыс істеуге баулу, тіл байлығы мен ой-өрісті, іскерлік дағдыларды және шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.
  • Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекілігі
Слайдтар
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, жинақтау, өз бетінше жұмыс, салыстыру, ажырату.

Сабақ барысы

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең

Жұмысқа жұмылдыру және өткенді еске түсіру

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

2) Психологиялық жаттығу

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағатым,

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адамдық,

Әрбір ісің — тілек, тірлік, адалдық.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма сұралып, орындалуы тексеріледі.

4) Қайталау сұрақтары: «Сандар сыры» ойыны

Ұяшық артындағы сұрақтарға жауап беру

5
10
15
20
25
30
35
40
45

5. Сан есім деген не?

10. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?

15. Есептік сан есім дегеніміз не?

20. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз:

  • Екі пәтер…
  • Бес қабат…
  • Алты топ…

30. Реттік сан есімдердің түбірі мен жұрнағын ажырат:

жетінші, бірінші, тоғызыншы.

35. Жұмбақты шешіп, сан есімдерді тап:

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

Жауабы: домбыра

40. Мына сан есімдер қанша сөзден құралған?

Он, үш, жүз, сегізінші, жетеу.

45. Мына сан есімдер қанша сөзден құралған?

Екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, қырық жеті, жүз он үш.

II. Операциялық-орындаушылық кезең

Тәжірибелік жұмыс және бекіту

1) Өткен материалды бекіту

Сан есім тақырыбы бойынша түсініктер пысықталып, жаттығулар арқылы бекітіледі.

2) «Миға шабуыл»

Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған қысқа сұрақтар мен тапсырмалар орындалады.