Күз мезгілінің жолы сары

Ересек топ тәрбиешісіне арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Таным Тақырыбы: Қоршаған орта

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
  • Отпен ойнамаудың маңызын түсіндіру.
  • Таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін ұғындыру.

Тәрбиелілік

  • Көктемгі табиғаттың ерекшеліктерін сезінуге баулу.
  • Көктем мезгілін басқа мезгілдерден ажырата білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Табиғатты аялауға, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру.
  • Тақпақ айту арқылы сөздік қорды байыту.
  • Балалардың белсенділігін арттырып, табиғатқа қамқор болуға үйрету.

Көрнекіліктер

Слайд Үнтаспа Видео «Сиқырлы жолдар» Орман көрінісі

Сабақтың барысы

1) Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларды қол ұстасып, шаттық шеңберіне тұруға шақырады. Балалар бір-бірімен және қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері

Армысың, Әлем!

Армысың, жарық аспан!

Армысың, құрметті қонақтар!

Армысың, менің достарым!

2) Әңгімелесу: уақыт пен мезгіл

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінің неше айы бар?
  • Қазір көктемнің қай айы?

3) Ормандағы қауіпсіздік ережелері

Балалар орманда өзін дұрыс ұстау ережелерін атап шығады. Негізгі қағида — өзіңді де, табиғатты да қорғау.

  • Орманда шуламау.
  • Бір-бірінен қалмай, топпен жүру.
  • Айқайлап өлең айтпау (құстар мен аңдарды шошытпау).
  • Бұтақтарды сындырмау.
  • Құстарға зиян келтірмеу.
  • Ағаштарды, гүлдерді жұлмау.
  • Қоқыс тастамау.

Ерекше назар

  • Отпен ойнамау. От жаққан жағдайда, кетерде толық сөндіру (өрттің алдын алу).
  • Таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу.
  • Үшкір заттармен ойнамау.

4) «Сиқырлы жолдар» арқылы саяхат

Тәрбиеші балаларға түрлі түсті «жолдарды» көрсетіп, әр түстің қай жыл мезгілін білдіретінін сұрайды.

Қызыл жол

Жаз мезгілін білдіреді. Жолы ұзын.

Сары жол

Күз мезгілін білдіреді: күзде жапырақтар сарғаяды.

Ақ жол

Қыс мезгілін білдіреді. Жолы кең.

Жасыл жол

Көктемді еске салады: шөптің түсі сияқты.

5) Көктемнің ерекшеліктері

  • Жер беті жасыл шөпке толады.
  • Құстар қайта оралады.
  • Адамдар жеңіл, жұқа киіне бастайды.
  • Ағаштарға бүршік шығып, жапырақ жарады.
  • Алғашқы гүлдер пайда болады: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ.

Балалардың тақпақтары

Шырайлым

Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа — баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

Жанерке

Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.

Айкөркем

Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.

6) Орманға келдік: жұмбақтар әлемі

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, балалар жауабын табады. Жауаптар арқылы табиғаттағы тіршілік иелері туралы түсінік кеңейеді.

Жәндіктер туралы жұмбақтар

  1. Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай.

    Жауабы: Құмырсқа

  2. Гүл ұшып гүлге қонады, гүл бақшам гүлге толады.

    Жауабы: Көбелек

  3. Біз жаздық ауылдың қонған текшесіне,
    Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.
    Аюанда төрт аяқты бір нәрсе бар,
    Бөренесін байлаған бөксесіне.

    Жауабы: Инелік

Бұлардың барлығын жалпы жәндіктер деп атаймыз.

Зиянды жәндіктер мен қауіпті тіршілік иелері

  1. Кішкене ғана түйме тас, атан түйе тарта алмас.

    Жауабы: Кене

  2. Ізі бар, адымы жоқ.

    Жауабы: Жылан

Ескерту

Бұл тіршілік иелері қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан шағып алуынан немесе зиян келтіруінен сақ болған дұрыс.

7) Орман құстары және қамқорлық

Балалар орман құстарын атайды: сары шымшық, торғай, тоқылдақ, бұлбұл, көгершін, қарға және т.б. Тәрбиеші құстарды аялау керектігін, олардың табиғатқа әсемдік пен үйлесім беретінін түсіндіреді.

Құстар туралы тақпақ

Ибрахим

Тоқылдақтар тоқылдап,
Ешбір тыным көрмейді.
Ағашты қанша тессе де,
Жұмысы бір өнбейді.

Автор туралы мәлімет

Атырау қаласы, КМҚК №25 «Еркемай» балабақшасы

Ундағанова Айсұлу Хамитовна