Қазір айдың қай күні

Сабақтың тақырыбы: Қонақүй. Етістік.

Бұл сабақта оқушылар қонақүй тақырыбы аясында сөздік қорын кеңейтіп, етістіктің шақ, жақ, рай категорияларын практикалық тапсырмалар арқылы бекітеді.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың білім деңгейін көтеру.
  • Ұжымдық түрде білім алуға баулу.
  • Сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
  • Лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.

Міндеттері

  • Демалыс, туризм, жол жүру тақырыптары бойынша білімді жетілдіріп, оны тәжірибеде қолдануға үйрету.
  • Ауызекі сөйлеуді жаттықтырып, ойды толық әрі нақты жеткізе білуге баулу.
  • Тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау.
  • Елдің әсемдігі мен сұлулығын таныта отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдістер, ресурстар және пәнаралық байланыс

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Интерактивті оқыту
  • СКТТ
  • Аудиожазба

Негізгі әдіс: ізденіс

Көрнекіліктер

  • Кеспе қағаздар
  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта
  • Мәтін, аудиомәтін

Интеграция

  • Тарих
  • География
  • Мәдениеттану

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

Сабақ бірнеше дидактикалық кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту, қайталау, жаңа материалмен жұмыс, талдау, бекіту, қорытындылау және бағалау.

І. Танымдық қызметтің мотивациясы

Қызығушылықты арттыру

Атқарылатын жұмыс

  • Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.
  • Суреттегі ғимараттардың атауын атап, олардың қай жерде, қай көшеде орналасқанын айтады.
  • Осы мәліметтер арқылы бүгінгі лексикалық тақырыпты анықтайды.

Ұйымдастыру

  1. Сыныппен амандасу.
  2. Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесу.
  3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Жедел сұрақтар

  • Жылда неше мезгіл бар?
  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Бір жылда неше ай бар? Қазір қай ай?
  • Бір айда неше күн бар? Бүгін айдың қай күні?
  • Аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қай күні?

Мұғалім сөзі

Дұрыс, балалар. Бүгінгі сабағымыз сәрсенбінің сәтінде, қонақтар арасында өтеді. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен белгілі. Ендеше, бәріміз де осы шараға қош келдіңіздер!

ІІ. Қайталау — оқу анасы

Лексика + грамматика

Оқушылар лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастырып, сөйлем құрайды және етістікті түрлі формада қолдана алатынын көрсетеді.

Тапсырма

Интерактивті тақтадағы суреттер арқылы етістіктің шақ, жақ, рай категориялары еске түсіріледі. Берілген етістіктердің жұрнақтарын анықтап, түрлеріне бөлу ұсынылады.

ІІІ. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл!»

Коммуникативтік дағды

Оқушыларға зат есімдер жазылған кеспелер таратылады. Олар осы сөздерді қатыстырып, қонақтардың келу мақсатын анықтайды.

Сөздер (мысалдар)

  • саяси жұмыстар
  • іссапар
  • саяхат
  • гастрольдік сапар
  • ресми сапар
  • мәдени шара

Мүмкін жауап үлгісі

Мо Хай саяси мәселелерді шешу үшін Петропавл қаласындағы «Қызылжар» қонақүйіне ұшақпен келді.

IV. «Көп ойлан, жақсы сөйле — пайдалы болсын»

Мәтінмен жұмыс

Мақсаты — туған қаланың мәдени нысандарын білу қажеттігін көрсету және мәтін арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

Мәтін: «Қызыл Жар» қонақ үйі

«Қызыл Жар» қонақ үйі Петропавл қаласының жайлы әрі жасыл ауданында орналасқан.

Ол құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады және қала қонақтарына қолайлы сервис ұсынады.

«Қызыл Жар» — Петропавл қаласындағы қонақүй бизнесінде лайықты орын алатын нысандардың бірі.

Бұл қонақүй Қазақстан Республикасына және қаламызға келетін шетелдік қонақтар арасында ерекше танымал.

Мұнда демалуға да, іскерлік кездесулер өткізуге де барлық жағдай жасалған.

Қонақүйдің жаңашыл үлгідегі 7 қабатты ғимараты мен жайлы нөмірлері қонақтарға қолайлы.

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 54-үй.

Оқу алгоритмі

  1. Мәтінді мұғалім аудиожазба арқылы мәнерлеп оқиды.
  2. Оқушылар кезекпен бір сөйлемнен оқиды.
  3. Оқиды, аударады, мазмұнын түсіндіреді.

Тікелей тақырыптық сөздер

Қазақша Орысша
Орналасқан расположен
Қарсы алады встречает
Орын алады занимает место
Ұсынады предлагает
Жасалған созданы

Тапсырма: берілген етістіктерді үш тілде аударып жазу (мұғалім бағыттайды).

Тақырып пен идея

  • Тақырыбы: мәдени мұраның қажеттілігі.
  • Идеясы: туған жердің мәдени мұрасын сақтау және оны келер ұрпаққа аманат ету.

V. «Артық болмас білгенің…»

Грамматиканы пысықтау

Мақсаты — мәтіндегі грамматикалық бірліктерді талдау арқылы етістік тақырыбын тереңдету.

1-топ тапсырмасы

Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін тауып, байланысу түрі мен тәсілін анықтаңыз.

Мысал тіркестер

  • «Қызылжар» қонақүйі орналасқан
  • қонақтарын қарсы алады
  • лайықты орын алады
  • демалуға жағдай жасалған

2-топ тапсырмасы

«Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады» сөйлеміне СКТТ технологиясы бойынша синтаксистік талдау жасаңыз.

  • Тыныс белгісі: нүкте, ойды аяқтайды.
  • Түрі: хабарлы сөйлем.
  • Құрамы: жай сөйлем (бір тиянақты ой).
  • Бастауыш: Ол (дара, есімдікті).
  • Баяндауыш: қарсы алады (күрделі, етістікті).
  • Толықтауыш: қонақтарын (табыс септікті, тура).
  • Анықтауыш: құрметті; өзінің.
  • Пысықтауыш: кең жүрекпен (фразеологиялық тіркес, үстеу мәнді).

Байланысу түрлері (үлгі)

  • Матасу: өзінің қонақтарын (ілік + тәуелдік).
  • Қиысу: Ол — қарсы алады (орын тәртібі).
  • Жанасу: кең жүрекпен — қарсы алады.
  • Қабысу: құрметті қонақтарын.

3-топ тапсырмасы

«Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай туғызылған» сөйлеміндегі етістікке лексикалық-грамматикалық талдау жасаңыз.

  • Етістік: туғызылған
  • Сұрағы: не істелген?
  • Құрамы: ту (түбір) + ғыз (өзгелік етіс) + ыл (ырықсыз етіс) + ған (бұрынғы өткен шақ)
  • Нәтижесі: болымды.
  • Синтаксистік қызметі: баяндауыш.

VI. Бекіту — нәтижеге бағытталған білім беру

Жинақтау

Тапсырма

Қонақүй қызметінің шартты белгілерін көрсету және әр белгіге қысқаша түсініктеме беру арқылы бүгінгі тақырып бойынша білімді жинақтау, біріздендіру және жазба дағдысын бекіту.

VII. «Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»

Үй тапсырмасы

Жалпысыныптық жұмыс

1) «Қонақүйде өткізген бір күнім…» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

Жекелей жұмыс

2) «Қонақүйге тоқтадым» сөз тіркесін 3 жақта жекеше және көпше түрде жіктеңіз.

VIII. Бағалау — мақсатқа жету жолы

Кері байланыс

Сабақ нәтижесіне сәйкес оқушылардың білімі бағаланады. Қойылған бағаға қысқаша талдау жасалып, күнделіктеріне түсіріледі.