Сұраулы сөйлемдер құрау

Туған тіл туралы жүрек сөзі

Сүйемін туған тілді — анам тілін, бесікте жатқанымнан-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан құлағыма сіңірген таныс үнін.

Қазақ тілі Сезім Мәнерлеп оқу

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру, көңіл күй мен сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру.
  • Лепті сөйлемнің қандай мағына беретінін анықтату.
  • Өз бетімен жұмыс істеуге және өзін бағалай білуге үйрету.
  • Байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Ұйымшылдыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Негізгі бағыттар

  • Б. Блум таксономиясы
  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
  • Жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Жұмыс формалары

  • Түсіндіру, сұрақ-жауап
  • Тест, өзін-өзі бағалау
  • Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс

Сабақтың барысы (Блум бойынша)

1-кезең
Білім
2-кезең
Түсінік
3-кезең
Қолдану
4-кезең
Талдау
5-кезең
Жинақтау
6-кезең
Бағалау

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Өзімізге
Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға
Жақсы көңіл күй!
Елімізге
Ашық аспан, молшылық!

Сабақтың мақсатын хабарлау: бүгін лепті сөйлемнің мағынасы мен белгісін анықтаймыз.

Сабақ кезеңдерімен таныстыру: Блум таксономиясы бойынша 6 кезең, әр кезеңде ұпай қойылады.

II. Негізгі бөлім

1) Білім

Мақсаты: өтілген материал бойынша білімді тексеру.

Сұрақ-жауап

Тапсырма: «Сөйлем туралы не білеміз?»

  1. 1 Сөйлем дегеніміз не?
  2. 2 Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
  3. 3 Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Тексеру: жауап парағы арқылы бағалау парағына ұпай қою.

2) Түсінік

Мақсаты: лепті сөйлем туралы түсінік беру.

Ереже

Мәнерлеп оқу үшін сөйлемдер

  • Бейбітшілік жасасын!
  • Көйлегім қандай әдемі!
  • Отан сүйер ұлан бол!
  • Жүйрік тұлпарым болса ғой!

Сұрақ арқылы ереже шығару

  1. 1 Әр сөйлем қалай оқылды?
  2. 2 Ой қандай көңіл күйде айтылып тұр?

Лепті сөйлем — адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем. Ол көтеріңкі дауыспен айтылады және соңына леп белгісі (!) қойылады.

Ойын: «Сәйкестендір»

Өкіну

Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным-ай!

Армандау

Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

Бұйрық

Қане, күнделігіңді берші!

Ұрандату

Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

3) Қолдану

Мақсаты: лепті сөйлем туралы білімді нақтылау.

Оқулықпен жұмыс
  • Көркем жазу.
  • Жаттығу жұмыстарын орындау.

Сергіту сәті

Әуен ырғағына сай қимылдап, жеңіл би қимылдарын орындау.

4) Талдау

Мақсаты: берілген сөздерден лепті сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.

Құрастыру

Тапсырма: орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрап жаз

  1. 1 Біз, алақай, жеңдік.
  2. 2 Бекер, ренжіттім-ау, қап.

5) Жинақтау

Мақсаты: білімді қорыту және бекіту.

Тест

1. Сөйлемді белгіле.

  • А)Кітап, мұз.
  • Ә)Р, ш, ұ, ы, қ.
  • Б)Мына тау қандай биік!

2. Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады: «Алақай, ағам келді»

  • А)Сұрау белгісі
  • Ә)Леп белгісі
  • Б)Нүкте

3. Аяқталған ойды білдіретін не?

  • А)Мәтін
  • Ә)Сөйлем
  • Б)Сөз

4. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем қалай аталады?

  • А)Сұраулы сөйлем
  • Ә)Лепті сөйлем
  • Б)Хабарлы сөйлем

5. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

  • А)Нүкте
  • Ә)Сұрау белгісі
  • Б)Леп белгісі

Өзін-өзі бағалау: тест нәтижесіне сүйеніп, бағалау парағын толтыру.

III. Сабақты қорытындылау

Лепті сөйлемнің негізгі белгілері

  • Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді (қуану, ренжу, өкіну, ұран т.б.).
  • Әдетте көтеріңкі дауыспен айтылады.
  • Соңына леп белгісі (!) қойылады.

IV. Сабақты бекіту

Сабақ барысында әр оқушы қолданатын сабақ картасы арқылы тапсырмаларды орындау және нәтижені белгілеу.

V. Үй тапсырмасы

1) Жаттығу

Сұраулы сөйлемдер құрастыру.

2) Теория

Ережелерді жаттау.

VI. Бағалау

Бағалау парағындағы ұпайлар жинақталып, қорытынды баға қойылады.

Материал: қазақ тілі сабағына арналған жоспар-конспект (лепті сөйлем тақырыбы).

Тіл дамыту Сауаттылық Бағалау