Эксперимент әлемінде

Тасөткел негізгі мектебі

Физика пәні мұғалімі: С. К. Бектемисова

Сабақ тақырыбы

Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары

Сабақтың мақсаты

  • Архимед күшінің сұйықтың тығыздығына және дене көлеміне тәуелділігін түсіну.
  • Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын білу.

Күтілетін нәтиже

  • Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелді екенін біледі.
  • Есеп шығаруда Архимед заңын қолданады.
  • Денелердің жүзу шарттарын түсіндіреді.

Сабақтың мақсатын анықтауға арналған сұрақтар

  1. 1 Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
  2. 2 Дененің көлемі қандай әріппен белгіленеді? Өлшем бірлігін атаңдар.
  3. 3 Су бетінде жүзетін денелерді атай аласыңдар ма?
  4. 4 Суға батып кететін қандай денелерді білесіңдер?
  5. 5 Суда жүзетін денелер бар ма? Мысал келтіріңдер.

Сабақ барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылардың көңіл күйін анықтау.

  2. 2

    Топқа бөлу.

  3. 3

    «Кім көп біледі?»

    Үй жұмысын тексеру.

  4. 4

    Жаңа білім туралы түсінік.

  5. 5

    Эксперимент әлемінде.

  6. 6

    Сапалы есептер.

  7. 7

    Физикалық диктант.

  8. 8

    Кері байланыс.

I. «Кім көп біледі?» (үй жұмысын тексеру)

  1. Шаңғысыз жүрген адам неліктен қарға омбылайды?
  2. Қысым қалай анықталады?
  3. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
  4. Екі ыдыс берілген: біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтардың деңгейі бірдей. Ыдыс табанына түсетін қысым бірдей ме?
  5. Барометр не үшін қолданылады?
  6. Торричелли тәжірибесінің мәні неде?
  7. Жерді қоршаған ауа қабаты қалай аталады?
  8. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі қандай?
  9. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
  10. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

II. Жаңа тақырып: мәтінмен жұмыс

I топ: Архимед күші

Постер жасап, қорғау.

Назар аударатын ұғымдар:

  • Кері итеруші күштің пайда болуы
  • Тығыздық пен көлемнің рөлі
  • Архимед заңының қолданылуы

II топ: Денелердің жүзу шарттары

Постер жасап, қорғау.

Назар аударатын ұғымдар:

  • Дененің орташа тығыздығы
  • Жүзу, бату және тепе-теңдік жағдайлары
  • Күштердің теңесуі

III. «Эксперимент әлемінде»

1-топ тапсырмалары

  1. Жұмыртқа, су құйылған ыдыс және тұз берілген. Архимед күшінің сұйықтың тығыздығына тәуелді екенін дәлелдеңдер.

    Идея:

    Тұз қосқан сайын тығыздық артып, жұмыртқаның жүзу жағдайы өзгеретінін бақылаңдар.

  2. Суға қант кесегін салыңдар.

    Ерітінді қасиеттерінің өзгеруін және дененің қозғалысын байқаңдар.

2-топ тапсырмалары

  1. Су құйылған ыдыстың түбінде картоп жатыр. Егер ыдысқа ас тұзының қою ерітіндісін үстеп құйсақ, картоптың орны өзгере ме? Неліктен?

    Өз қорытындыларыңды тәжірибе арқылы тексеріңдер.

  2. Суға тығынды салыңдар.

    Тығынның неге жүзетінін күштер тұрғысынан түсіндіріңдер.

IV. Сапалы есептер

  1. 1) Көлемі 1 м³ денені суға батырсақ, оған қанша кері итеруші күш әсер етеді?

    Берілгені: ρ(су) = 1000 кг/м³.

  2. 2) Көлемі 40 м³ керосиннің массасы неге тең?

    Берілгені: ρ(керосин) = 800 кг/м³.

  3. 3) Көлемі 0,8 м³ дене суға батырылғанда оған қандай ығыстырушы күш әрекет етеді?

V. Физикалық диктант

  1. Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.
  2. Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________ деп атайды.
  3. Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________ айырмасына тең.
  4. Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________.
  5. Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________.
  6. Архимед заңы арқылы әуеде _______, суда кемелер __________, сүңгуір қайықтар __________.

VI. Кері байланыс

Не білемін?

Бүгінгі тақырып бойынша бастапқы білімімді қысқаша жазыңдар.

Не білдім?

Сабақтан алған жаңа мәліметтерді белгілеңдер.

Не білгім келеді?

Тақырып бойынша қосымша сұрақтарыңды ұсыныңдар.

VII. Үй жұмысы

Тақырып: Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары (оқу).

Ескерту:

Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеңдер.