Меню жолы элементтерін ата

Ақтөбе облысы • Темір ауданы • Қайыңды ауылы

Абай атындағы орта мектеп • Информатика пәні

Мұғалім

Қошқарбаева Гүлзат Қанатқызы

Сабақ тақырыбы

PowerPoint бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, ағылшын, математика

Сабақ әдістері

Баяндау, сұрақ-жауап, ББҮ, практикалық

Сабақтың мақсаты

1) Білім беру

Оқушыларға PowerPoint арқылы презентацияға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету; білім мен біліктілікті қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру арқылы іскерлікті арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды тиянақтылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен «Алтын сандық» ойыны ойнатылады. Қорапта 10 сұрақ кеспе қағаздар арқылы беріледі. Оқушылар таңдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар мен жауаптар

  1. 1. PowerPoint-та құрылған файл қалай аталады?

    Презентация.

  2. 2. «Презентация» ұғымының ағылшын тіліндегі мағынасы қандай?

    Present — «ұсыну» деген мағына береді.

  3. 3. Слайд дегеніміз не?

    Көзге көрінетін күрделі объект.

  4. 4. PowerPoint-ті іске қалай қосамыз?

    Пуск → Программы → MS Office → MS Office PowerPoint.

  5. 5. MS Office PowerPoint терезесінің элементтерін ата.

    Тақырып жолы, мәзір жолы, құрал-саймандар панелі, жұмыс аймағы.

  6. 6. Мәзір жолының элементтерін ата.

    Файл, Түзету, Көрініс, Кірістіру, Слайдты көрсету, Дизайн, Анимация, Рецензирование.

  7. 7. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

    Файл → «Сохранить как» командасын орындаймыз. «Сохранение документа» терезесінде сақтау орнын таңдап, құжатқа атау береміз.

  8. 8. Презентация деген не?

    Слайдтардың жиынтығы.

  9. 9. Презентация дайындауға арналған бағдарлама.

    PowerPoint.

  10. 10. PowerPoint бағдарламасының кеңейтімі қандай?

    .ppt

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Презентация — бұл көрсету, баяндама жасау, жобаны немесе есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын таныстыру, дайын өнім мен қызметті ұсыну, енгізу нәтижесін бақылау сияқты мақсаттарда қолданылатын материал.

Слайд — көзге көрінетін күрделі объект. Оның құрамына мәтін, кестелер, графикалық кескіндер, сызбалар, бейнеклиптер, дыбыс үзінділері және гиперсілтемелер кіреді.

Ескерту

Толық нұсқасын слайд түрінде жүктеу қарастырылған.

IV–VII. Келесі кезеңдер (жоспар)

  • IV. Жаңа материалды түсіндіру

    Кірістіру және анимация баптаулары.

  • V. Жаңа сабақты бекіту

    Практикалық тапсырмалар арқылы.

  • VI. Бағалау

    Жауаптар мен практикалық жұмыс нәтижесі бойынша.

  • VII. Үй тапсырмасын беру

    Келесі сабаққа дайындық.