Біздің үшінші сыныпта

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы

М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ — Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанабаева Динара Қабланқызы.

Топтамадағы сабақ тақырыптары

  1. Біздің сынып
  2. Біздің үшінші сыныпта
  3. Наш класс
  4. Сынып оқушылары

Сабақ тақырыбы: «Біздің үшінші сыныпта»

Жалпы мақсаттар

  • Өтіліп отырған жаңа тақырып бойынша сөздік қорды қалыптастыру.
  • Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін жүйелі қолданып, тілдесім әрекетіне жету.

Түйінді идея

Сынып мүліктері

Оқыту нәтижелері

Оқушылардың сөздік қоры қалыптасады, оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін қолданады.

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту

7 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • «Мозайка» стратегиясы арқылы оқушыларды шағын топтарға бөледі (Қосымша 1).
  • «Кірпілер» стратегиясымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
  • Үй жұмысын «Конверттегі сұрақ» стратегиясы арқылы тексереді (Қосымша 2).

Үй жұмысын тексеру сұрақтары

  • Сөздерді аудар.
  • Сан есім дегеніміз не?
  • Мысал келтір.
  • Сөйлемдердің ішінен сан есімді теріп жаз.
  • Сөйлемдерді толықтырып жаз.

2-кезең: Мағынаны ажырату

25 минут

Оқылым және таныстырылым

Қабілеті жоғары оқушы «Менің сыныбым» тақырыбы бойынша эссе оқиды және слайд көрсетеді. «Микрофон» стратегиясы арқылы оқушыға сөз беріледі (Қосымша 3).

Сөздік жұмысы

«АҚА (артық, қосу, алып тастау)» әдісі арқылы жаңа сөздермен таныстырады.

Бағалау: смайлик

Айтылым: бақылау және талқылау

Мұғалім диалог бойынша бейнересурс көрсетеді (Қосымша 4). Тақтаға үш оқушы шығады: екеуі өзара сөйлеседі, біреуі ешкіммен тілдеспей, жалғыз тұрады. Мұғалім төмендегі сұрақтар арқылы талқылауды ұйымдастырады.

Сұрақ 1

Не байқадыңдар?

Сұрақ 2

Бір оқушы неге үндемей тұрды?

Екі тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады. Келесі тапсырмада топ ішінде жұптасып, диалогті оқиды.

2-тапсырма

Ойын: «Ойлан тап». Венн диаграммасы арқылы салыстыру және қорытынды жасау.

Бағалау: нысана

3-тапсырма

«Баспалдақ» стратегиясы арқылы тапсырмаларды кезең-кезеңмен орындау.

Жазылым

Интерактивті тақтаға сандар мен жұрнақтар шығарылады.

4-тапсырма

Деңгейлік тапсырма.