Танымдық сайыс

Сайыстың құрылымы

Сабақ барысында әділқазылар тағайындалып, топтар сайыс кезеңдерінің шарттарымен таныстырылады. Әр кезең оқушылардың білімін, логикасын, жылдамдығын және командалық жұмысын тексереді.

Бағалау
Дұрыс жауап — 10 ұпай

I. Танымдық сайыс

Сұрақ-жауап

Әр топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа — 10 ұпай.

II. «Сөз тапқанға…»

Еркін жауап

Берілген әріптерге сүйеніп, сұрақтарға қысқа әрі нық жауап беріледі.

III. «Ойлан тап»

Ұяшық таңдау

Ұпайы көрсетілген ұяшықтарды таңдап, арнайы сұрақтарға жауап беріледі. Егер топ жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп, ұпайды алады.

IV. «Мені түсін»

Пантомима

Қатысушылар берілген сөздерді іс-қимыл арқылы бейнелейді.

V. «Кім жылдам»

1 минут

Экранда 1–52 аралығындағы сандар жасырылған. Міндет — 1 минут ішінде сандарды ретімен тауып, белгілеп шығу.

I. Танымдық сайыс: сұрақтар

Арифметика

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан? — 999
  2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? — галактика
  3. Диаметрдің жартысы? — радиус
  4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар? — құрама сандар
  5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек? — дұрыс бөлшек
  6. Санның ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?
  7. Оң және теріс сандарды қалай ажыратамыз?

Логика

  1. Санның 1/100 бөлігі? — пайыз
  2. Тұңғыш қазақ ғарышкері? — Т. Әубәкіров
  3. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы? — периметр
  4. Масштаб дегеніміз не?
  5. Санның ең үлкен ортақ бөлгішін қалай табамыз?
  6. Қазақстандағы ғарыш кешені? — Байқоңыр
  7. Тәуліктің 1/24 бөлігі? — сағат

II. «Сөз тапқанға…»

Бұл кезеңде қатысушылар берілген әріптерге байланысты сұрақтарға жауап береді. Мақсат — ойды нақты жеткізу, пікір білдіру және жылдам бағдарлану.

Арифметика (М, Б, Е)

  1. «Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» деген пікірге көзқарасың қандай?
  2. Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
  3. Сенің жақын құрбың (досың) неше жаста?
  4. Дүкенге барған кезде шамамен қанша теңгеге сауда жасайсың?
  5. Сенің жан досыңның аты кім?
  6. Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
  7. Сенің қанша досың бар?

Логика (Т, К, Ж)

  1. «Математика — ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесің?
  2. Математикадағы сандар туралы қандай ойың бар?
  3. Геометриялық фигуралардың бірін ата.
  4. Компьютерде жұмыс істей аласың ба?
  5. Сенің ойыңша, ең үлкен сан қайсы?
  6. Математика ғылымы туралы пікірің қандай?
  7. Математика сені қызықтыра ма? Неге?

III. «Ойлан тап»

2-жүргізуші: Бұл бөлімде ұпайы көрсетілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап бересіздер.

1-жүргізуші: Егер жауап берілмесе, қалған топтар жауап береді. Ұпай дұрыс жауап берген топқа жазылады.

Математикалық жұмбақтар

10 ұпай Жауабы бар

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Сызғыш

30 ұпай Жауабы бар

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенмен тұмсығынан өледі.

Қарындаш

50 ұпай Жауабы бар

Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ.
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.

Қалам

Ұлы математиктер

10 ұпай Жауабы бар

«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмесін» деген сөз кімге тиесілі?

Платон

30 ұпай Жауабы бар

«Математика — ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сандық арақатынасы мен кеңістік формалары туралы ғылым» деп анықтама берген кім?

Энгельс

50 ұпай Жауабы бар

«Өмірдің сәнін келтіретін екі нәрсе бар: бірі — математикамен шұғылдану, екіншісі — одан сабақ беру» деген кім?

Пуассон

Әртүрлі (20 ұпай)

Бейне-сұрақ Балалар сұрайды

Сіздерге кішкентай бүлдіршіндеріміз Гүлнұр мен Қымбат сұрақ қояды:

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды?
  2. Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болады?
  3. «Ұпай сіздікі» (жүлделі сұрақ).

IV. «Мені түсін»

Бұл бөлімде топтар өздері таңдаған сөздерді қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп, қарсыластарына түсіндіреді.

сызғыш циркуль транспортир шеңбер төртбұрыш үшбұрыш принтер математика шар дөңгелек сан

V. «Кім жылдам»

Сайыстың қорытынды кезеңінде экранда 1–52 аралығындағы сандар жасырылып беріледі. Қатысушылардың міндеті — 1 минут ішінде сандарды ретімен тауып, белгілеу.

Тапсырма

  • Сандарды ретімен табу
  • 1 минут ішінде белгілеу
  • Жылдамдық пен зейінділік бағаланады

Қорытынды

Сайыс соңында әділқазылар ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаздар марапатталып, қатысушылардың белсенділігі атап өтіледі.

Нәтиже
Жеңімпаз топ анықталады
Марапат
Мадақтама, сыйлықтар