Тізбектей оқыту
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
«Ж» дыбысы мен әрпі
Оқыту әдісі
Көрсету, түсіндіру
Сабақтың мақсаты
- «Ж» дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру; дұрыс оқуға және дұрыс дыбыстауға жаттықтыру.
- Адамгершілік қасиеттерді және рухани байлықты қалыптастыру.
- Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту.
Көрнекілік және пән байланысы
Көрнекілігі
- Кеспе әріптер
- Кеспе буындар
- Суреттер
Пән байланысы
- Бейнелеу өнері
- Математика
- Дүниетану
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Мақсат қою
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
3) Өткен сабақты пысықтау
а) Буынды қайталау
Буындарды қайталап, оқуды бекіту.
ә) Сөз құрап оқу
Кеспе буын/әріптер арқылы сөз құрастырып оқу.
б) Тізбектей оқу және сұрақ-жауап
- «Ж» қандай дыбыс?
- Оны қандай түспен белгілейміз?
- «Ж» дыбысынан басталатын қандай сөздерді үйрендік?
в) Сөйлем құрату (өлең жолдары арқылы)
Ж дегенім — жемістер,
Жасыл бақтан жеміс тер.
Жүзім, жидек көп өссін,
Жиын-терін көбейсін.
Өлең мазмұны бойынша «Ж» дыбысынан келетін сөздерді атау.
г) Тақтамен жұмыс
Өткен сабақта танысқан мәтін: «Жусан» (оқушылар тізбектей оқиды).
ғ) Ой қозғау
- Жусан дегеніміз не?
- Ол қандай өсімдік?
- Жусаннан не жасалады?
4) Жаңа сабақ
а) Жаңа сөздермен жұмыс
Тақтадағы жаңа сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру (қатарлар бойынша).
ә) Суретпен жұмыс: «Жарыс»
Сурет бойынша әңгімелесу, мәтінді мәнерлеп оқып беру.
б) Дыбыстық талдау
Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
в) Сергіту сәті
«Шаршадыңдар ма, балалар? Олай болса Ақтау қаласына саяхатқа шығып, биік ғимараттарды, зәулім үйлерді және теңізді тамашалайық».
Биыл Ақтау қаласына 50 жыл, ал Маңғыстау облысына 40 жыл толады.
Ақтау қаласы және Маңғыстау өңірі туралы бейнематериалдарды тамашалау.
г) Жұмбақ шешу және «Кім жылдам?» ойыны
Бос жер қалмай аспаннан,
Түнде шашып тасталған.
Моншақтың аты не?
Жауабы: Жұлдыз
Шашылған «жұлдыздардан» (буындардан) сөз құрастыру. Қандай сөздер шыққанын бірге оқып шығу.
Дәптермен жұмыс
«Ж ж» әрпін жазу: алдымен ауада жазып көрсету, кейін дәптерге көркемдеп жаздыру.
5) Сабақты қорытындылау
Қайталау сұрақтары: Біз қандай әріппен таныстық? Бүгін сабақта не үйрендік?
- Тақтамен жұмыс жасап, буынға бөліп оқыдық.
- Жұмбақ шештік.
- Жоғалған буынды тауып, сөз құрастырдық.
- Көркем жазу орындадық.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.