Топ ереже жазылған ватман

Сабақ жоспары туралы

Бұл сабақ жоспарым «Өрлеу» біліктілікті арттырудың 3 деңгейлі курсының 7 модуль элементтерін қолдану негізінде әзірленді. Жоспардың өзегі — оқушылардың мәтінді терең түсінуі мен ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған белсенді оқу әрекеттері.

Сабақтың деректері

Тақырыбы
Оралхан Бөкей: «Тортай мінер ақ боз ат…» (әңгіме)
Сыныбы
7-сынып

Мақсаты

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгерту және талдату; оқушылардың танымдық қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; жұптық және топтық диалогке тарту; өз ойын еркін әрі дәл жеткізуіне бағыт-бағдар беру.

Мазмұнды меңгеру

Түсіну, талдау, қорытынды шығару.

Коммуникация

Жұптық/топтық сұхбат, пікір алмасу.

Тілдік даму

Сөздік қорды кеңейту, ойды дәл жеткізу.

Қолданылған модульдер мен әдіс-тәсілдер

Жаңа тәсілдер

  • Диалогтік оқыту
  • Сұрақ қою стратегиялары

Сыни ойлау

  • ЖИГСО
  • Ментальді карта
  • Венн диаграммасы

Сабақ барысы: мұғалім және оқушы әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

  1. Ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, оқушыларды 4 шағын топқа бөледі.
  2. Әр топқа бағыт-бағдар беріп, топ ұстанымын (ережесін) құруға жетелейді.
  3. Оқушыларды жауапкершілікке, бірлескен жұмыс мәдениетіне шақырады.

Оқушының іс-әрекеті

  • Берілген суреттерді таңдап, шағын топтарға бөлінеді.
  • Топ болып талқылап, өз ережелерін құрады, таныстырады және көрнекі жерге іледі.
  • Сабақ мақсатына өз ұсыныс-идеяларын қосады.
  • Қойылған сұрақтар төңірегінде жеке, жұппен және топпен ақылдасып, ойларын дәлелді түрде ортаға салады.

Топтарға бөлу үлгісі

Топтастыру ұлттық құндылықтарды арқау етіп құрылады. Әр топ атауы оқушының қызығушылығын оятып, ортақ тақырыпқа біріктіруге қызмет етеді.

I топ

Ұлттық тағамдар

II топ

Ұлттық ойындар

III топ

Ұлттық киімдер

IV топ

Ұлттық аспаптар