Мұхтар ШахановЕркектер жыры
Мұхтар Шаханов
Еркектер жыры
... Біздің тауда қанатына қаңғырған бір оқ тиіп,
Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік.
Кей кездері ызадан жарылардай
Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына алмай.
Бала қыран күндікке тауды кезіп,
Жем тасыды ұяға жаны қалмай.
Ата қыран перзентінің қамқорлығын құп алып,
Шүкіршілік етті іштей қуанып.
Ол ойлады: "Ұзақ қайғы бола қоймас бұл аса,
Құлан таза сауығамын, тағы екі - үш ай шыдасам".
Бірақ бір күн бала қыран оған былай тіл қатты:
"Баға жетпес асылымсың, ардағымсың, қымбатты.
Әбден қажып сорладың - ау, жүдедің - ау тым қатты.
Есіме алсам баяғы шат күндеріңді еңселі,
Жаным жылап аяп кетем, аяп кетем мен сені!"
- Тоқтат! - деді ата қыран қалш - қалш етіп долданып,
Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп малданып.
Көкірегін бір алапат ыза буып алды да,
Ұясының аузына әрең жүріп барды да,
Жан шошытар жалтыр құздан құлап өлді табанда
Қалқам!
Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы заманда
Мүсіркеу сөз есітуден өлім жеңіл маған да!!!
Қобыланды батыр жыры туралы
Фольклор және топонимика
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
М.әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі туралы ақпарат
М. Әуезовтың әдебиет тарихы туралы зерттеулері
Фольклордағы даналық мұраларды айқындауда М.Әуезовтің әдебиеттануға қосқан үлесі
М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттануына байланысты жазған ғылыми еңбектері
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Мұхтар Әуезовтің «Манас» мақаласы туралы
МҰХТАР ӘУЕЗОВ туралы
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
ЖЫРЫН ТЫҢДА ДУЛАТТЫҢ
Мұхтар Әуезов
Эксперименттік тарау бойынша тұжырым
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама
Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасы
Туған өлке жырында
Бұлардың түжырымы бойынша жұмыртқа тек дайын организмнің дамуына қолайлы қоректік ортаның қызметін атқарады
Батырлар жыры