Біз қазір Ақтау қаласында тұрмыз

Рәміздері елімнің неткен айбатты, әдемі! Бұл сабақ балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы танымын кеңейтіп, көркемдік-эстетикалық түсінігін тереңдетуге бағытталған ойын-саяхат түрінде ұйымдастырылады.

Сабақ мақсаттары

Білімділік
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің мағынасы мен көркемдік-эстетикалық болмысы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Өз елінің тарихын құрметтеуге, патриот болуға тәрбиелеу; туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың түрі

Ойын-саяхат сабағы.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Ел рәміздерінің суреттері
  • Жалаушалар, шарлар және басқа құралдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар дөңгелене тұрады. Қолдан жасалған шаңырақтың уықтарын ұстап, әр бала аты-жөнін айтып, бір-біріне жақсы тілектер арнайды.

Тілек үлгілері

  • Еліміз тыныш болсын.
  • Бақытты болайық.
  • Аспанымыз ашық болсын.
  • Береке мен бірлік болсын.

Одан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

Саяхат сабағының идеясы

Бүгінгі сабақ — саяхат. Мақсатымыз — елорда Астана қаласына жету. Қазақстанның әр қаласынан өту үшін түрлі тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындаған сайын бір қаладан екінші қалаға «жол ашылады».

Ақтау қаласы: сұрақ ұяшықтары

Бұл қаладан өту үшін интерактивті тақтадағы санды ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береміз.

Интерактивті тапсырма
  • 10

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қалай аталады?

  • 20

    Қазақстан Республикасы туралы не білесің?

  • 30

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы не білесің?

  • 40

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны туралы не білесің?

  • 50

    Буын түрлерін ата.

  • 60

    Мемлекеттік тіл туралы ойыңды айт.

  • 70

    Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

  • 80

    Туған жерің туралы әңгімеле.

  • 90

    Туған жер, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

Тыңдалым: Елтаңбаның мәні

Интерактивті тақтада елтаңба

Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған. Оны аңыздардағы қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Шаңырақ

Отбасының, тұтас адамзат ұясының нышаны. Қазақ халқы үшін ерекше қастерлі ұғым. Киіз үй — көшпенділер мәдениетінің баға жетпес сыйы.

Қанатты қос пырақ

Киелі шаңырақты қос қапталынан қоршап, пәле-жала мен қауіп-қатерден қорғап тұрғандай әсер береді.

Жұлдыз

Әлемнің бес құрлығындағы мемлекеттермен және халықтармен ашық қарым-қатынас орнатуға ұмтылыстың белгісі.

Дағдылар

Тыңдалым, айтылым, жазылым тапсырмалары қатар орындалады.

Ақтөбе қаласы: жаңа сөздер

Бұл қаладан өту үшін жаңа сөздерді қайталап, дәптерге жазып, олармен сөйлемдер құрастырамыз.

  1. Айтылым

    Жаңа сөздерді тізбектей және жекелей оқимыз. Қазақ тілінің төл дыбыстарының дұрыс айтылуына және интонацияға ерекше назар аударамыз.

  2. Жазылым

    Сөздердің дұрыс жазылуын қадағалап, дәптерге көшіріп жазамыз және сөйлем құрамыз.

Атырау қаласы: мәтінмен жұмыс

Бұл кезеңде мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береміз және тиісті жалғауларды дұрыс қолданамыз.

Мәтін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының ортасында арайлы күн, ал күннің төменгі жағында қалықтаған қыран құс бейнеленген.

Тудың ағаш сабына бекітілген тұста қазақтың ұлттық оюларымен кестеленген тік жолақ өрнектелген.

Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Түсі — аспан түстес көгілдір.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы — суретші Шәкен Ниязбеков.

Тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Тапсырма

Сұрақтарға жауап беру, жалғауларды дұрыс айту.

Қорытынды ой

Сабақтың ойын-саяхат форматы балалардың қызығушылығын арттырып, мемлекеттік рәміздердің мағынасын тереңірек түсінуге, ана тілінде сауатты сөйлеуге және туған жерге сүйіспеншілігін күшейтуге мүмкіндік береді.